Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ: «ОТАНШЫЛДЫҚ БҰЛ – ШЫНАЙЫ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ»

НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ: «ОТАНШЫЛДЫҚ БҰЛ – ШЫНАЙЫ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ»



Бүгінде құрылғанына 85 жыл болған Қызылорда облысының тарихи – мәдени және рухани даралығы күн өткен сайын өзінің мазмұнын тереңдетіп, Тәуелсіз еліміздің жылнамасынан өз орнын айшықтай түсуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

– Сыр елінің қойнына бүккен қазына-жауһарларына ерекше мән беріп баптау, оларды халық арасында кеңінен насихаттау, өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбилеуге және Тәуелсіздіктің құндылығын ұғындыруға ықпал етеді. Осы ретте, тамыз бен қараша айларының аралағы мерейлі әрі саяси оқиғаларға толы екенін ескере отырып, Сіздер арқылы барша облыс халқына Үндеу тастағым келеді. Отанға деген сүйіспеншілік – жиындарда ұран тастау немесе ән шырқау емес. Отаншылдық бұл – шынайы патриоттық сезім. Отбасыңды бағалай білу, тұратын үйіңді, аулаңды, қалаңды таза ұстау, қоғамдық орындарды бүлдірмеу, ұқыпты болу деген сөз. Әрбір адам жауапсыз қадамның арты бүкіл елге қасірет әкелуі мүмкін екенін терең түсінуге тиіс. Барлық азаматымызда жауапкершілік болса ғана, ісіміз оңға басады. Тамырын тереңнен тартып, руханиятымен тау тұрғызған Сыр жұртшылығы жарқын болашақ жолына тура таңдау жасап, ауызбіршіліктің үлгісін көрсететіндігіне сенімдімін. Жалпы, алдағы қоғамдық-маңызды шаралар азаматтардың жағымды көңіл-күйін қалыптастыруға, тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етеді. Осы орайда 7 ауданда музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары сынды бірқатар тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталықтары салынады, – деді Наурызбай Сейтқалиұлы.


Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
16 тамыз 2023 ж. 108 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 31

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031