Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қағаз 200 теңге әлі пайдаланылады: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Қағаз 200 теңге әлі пайдаланылады: Ұлттық банк мәлімдеме жасады


фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк 200 теңгелік банкнот пен монета заңды төлем құралы және қабылдануға міндетті екенін мәлімдеді.

Номиналы 200 теңгелік банкноттардың қабылданбай жатқаны туралы арыз-шағымға байланысты Қазақстан Ұлттық банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады. Бұл банкноттар Қазақстанның барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті, - деп хабарлады Ұлттық банк.

Қазақстан аумағында ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тартқандар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 206-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады
.
Сондай-ақ Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноттарды айналымға шығармағанын атап өтті.

Айналымдағы 200 теңгелік банкноттар заңды күшін жойған жоқ әрі тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады, - деп түсіндірді Ұлттық банк.

Қосымша сұрақтар туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.
27 шілде 2023 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930