Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 200 теңгелік тиын шығады

200 теңгелік тиын шығады

Келер жылдың бас­ты жаңалығының бірі – 200 теңгелік тиындар болғалы тұр. Жуырда Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылы номиналы 200 теңгелік монетаның айналымға шығатынын ресми мәлімдеді.
Ұлттық банктің таратқан хабарламасына қарағанда, қаржы реттеушісінің маңызды міндеттерінің бірі – қаржы айналымында жүрген қолма-қол ақшаның сапасын қамтамасыз ету. Бұл банкнотты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, оның санитарлық қауіпсіздігі және қорғалу мәселесімен тікелей байланысты.
Қағаз ақшалар 1-1,5 жылдың ішінде тозып кетсе, монеталардың қолдану мерзімі 10-15 жылға дейін созылады екен. Бұл 200 теңгелік монета шығарудың басты себебіне айналып отыр.
Ал бұрын қолданып жүрген 200 теңгелік қағаз ақшаларды күнделікті пайдалана беруге болады. Ол өзі тозып, ескіргеннен кейін ғана айналымнан алынады. 200 теңгелік тиындар ақша айналымының 26 пайызын құрайды екен.
Қолданыстағы қағаз ақша «құнды ақша» деген мағына беретіні анық. Ал тиын-тебен ұсақ ақшаның өлшемі. Осыны негізге алсақ, 200 теңгенің тиынға айналуы – теңгенің құны төмендейді деген ескерту іспетті. Естеріңізде болса, бір кездері қағаз 100 теңгелік ақша да монетаға айналып, теңгенің құны құлдырай түскен еді.
Бұл біздің журналистік болжам ғана. Алдағы уақытта теңгенің нарықтағы рөлі қалай болатыны уақыт еншісінде.

Гүлхан ЯХИЯ

16 қараша 2019 ж. 1 988 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 26

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930