Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұялы байланыс операторлары бағаны көтере бастады

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары бағаны көтере бастады


Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары абоненттерге байланыс және интернет қызметтері қымбаттайтыны туралы ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Activ тұтынушыларына жолдаған хабарламада, абоненттік төлем 8 тамыздан бастап өзгеретіні айтылған.
Tele2 және Altel тарифтердің өсуі экономикалық жағдайға байланысты екенін хабарлады.

«Біз тарифтік жоспарлар бағасын өзгерту туралы шешім қабылдауға мәжбүрміз. Бұл сіздің бюджетіңізге әсер етуі мүмкін екенін түсінеміз, сондықтан қосымша ресурстар мен қызметтер түрінде өтемақы ұсынамыз. Бұл өзгерістер инфрақұрылымға негізделген шығындардың өсуіне, жаңа технологиялардың іске қосылуы мен дамуына, жаһандық логистикалық тізбектердің бұзылуына, инфляцияға, электр энергиясының қымбаттауына, жаңа технологияны енгізу үшін жиіліктердің қымбаттауына және біздің компания үшін белгілі бір сын-қатерлер тудырған басқа да жағдайларға байланысты», – деді Tele2 және Altel компания өкілдері.

«Қазақтелеком» 1 тамыздан бастап кейбір тарифтік жоспарлар бойынша бағаны көтеруді жоспарлап отыр. Жаңа бағаларды мына жерден көруге болады.


Beeline әлеуметтік желілер мен видео хостингтерге шектеусіз тарифтерді алып тастауды жоспарлап отыр.

«2023 жылдың 15 тамызында видео, әлеуметтік желілер және мессенджерлері бар науқан тарифтері аяқталады. Сондай-ақ, күнделікті топтама құны өзгереді. Осы күннен бастап YouTube, Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде шектеусіз трафик, TikTok, WhatsApp және басқа да танымал әлеуметтік желілерімен осы күннен бастап және басқа да танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі «Жарқын 4990» және «Жарқын 5990» тарифтерінде шектеусіз трафик тоқтатылады, «Жарқын 3990» – осы ресурстарға сай 25 ГБ пакеттің ала аласыз.

Гигабайттар негізгі пакеттен тарифтік жоспарға сәйкес жұмсалады.

Күнделікті топтаманың абоненттік төлемі де өзгеріп, енді ол күніне 290 теңге болады. Барлық пайдаланушыларға таңдау ұсынылады. Бір тарифте қалу, жаңа ұсынылған тарифті қосу немесе өз бетінше басқа тарифті таңдау», – деді Beeline компаниясы өкілдері.

Осыған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда Интернет мәселесі арзан тарифтер мен қазақстандықтардың белсенді пайдалануына байланысты екенін айтқан болатын.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Интернет сапасы туралы сұрағына жауап берген Мусин салада екі жаһандық мәселе бар екенін және олардың екеуі де адамға қатысты екенін айтты.
19 шілде 2023 ж. 163 0