Ұялы телефоныңызды тіркеуге асығыңыз...
Қазір кез келген адамның қолында ұялы телефон бар. Ұялы телефонсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. «Байланыс туралы» Заңға сәйкес, абоненттер 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін өз ұялы құрылғыларын тіркеуге міндетті. Тіркеу десе ұзын-сонар кезектен зәрезап болатын жұрт бұл жолы да үрке қарап отыр. Жалпы «бұл тіркеу не үшін қажет, тіркелудің оңай жолы қандай?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Ең алдымен, бұл телефон ұрлауды азайтуға және «Заңсыз телефондар» нарығын азайтуға көмектеседі. Сіз немесе сіздің достарыңыз телефон ұрлаушылардан зардап шегетін болса, бұның қандай жағымсыз оқиға екенін түсінесіз. Телефон ЖСН және абонент нөмірімен бірге тіркелетін болса онда ұрылар құрылғыны жаңа SIM-карта салса да пайдалана алмайды. Сондай-ақ, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға көмектеседі.
«Kcell» және «Activ» абоненттері ұялы байланыс құралдарын тіркеу үшін компанияның абоненттік бөліміне барып, уақытын өткізбей-ақ SMS және USSD-командалары арқылы ЖСН жібере алады.
Ең оңай тәсіл – SMS арқылы тіркелу. Сіз 6006 қысқа нөмірінен қажетті тіркеу туралы ақпараты бар SMS аласыз. Оған жауап ретінде өз ЖСН жіберу керек. Немесе өз еркіңізбен 6006 нөміріне ЖСН нөмірін жіберуге болады. Кейін, сізге одан әрі тіркеу үшін қабылданғандығы туралы хабарлама келеді.
Екінші тәсіл – телефонда *660# USSD-командасын теріп және қоңырау шалу батырмасын басу керек. Кейін сіздің ЖСН нөмірін енгізу үшін жол ашылады және «Жөнелту» батырмасын басу керек.
Егер сіз әртүрлі мобильді операторлардан екі SIM-карталы смартфонды пайдаланатын болсаңыз, онда байланыстың әр операторында құрылғыны тіркеу керек. «Kcell» және «Activ» SIM-карталары үшін 6006 нөміріне ЖСН-мен SMS-хабарлама жолдау жарамды. Құрылғыны басқа оператормен тіркеу үшін сол операторлардың тіркеу алгоритміне сәйкес оны орындау қажет.
«Біз абоненттерімізді тіркеу процесін мүмкіндігінше жеңілдетуге тырыстық. Сондықтан, біз мұны әрқайсысы үшін екі қарапайым және түсінікті тәсілмен қамтамасыз еттік. SMS немесе USSD-пәр арқылы тіркеу желінің қамтылуы кез келген жерде болуы мүмкін. Абоненттерге біздің кеңселерімізді іздеп келіп кезекке тұру қажет емес. Біз барлық «Kcell» және «Activ» абоненттеріне мүмкіндігінше мобильді құрылғыларды тіркеуге жүгінуді сұраймыз. Заңның талабы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұялы байланыс операторлары тіркелмеген құрылғыларға байланыс қызметтерін көрсетуге құқылы емес», – деп түсіндіреді «Ксеll» қызметінің мамандары.
Қазір елімізде 26 млн. абонент бар, оның тең жартысы ғана тіркелген. Яғни, әлі де миллиондаған сим карталардың иесі кім екені білгісіз? Ал, азаматтардың қолданыстағы нөмірлерінің құрылғыларын өз аттарына тіркеуге не бәрі бір жарым ай ғана уақыт қалды. Сондықтан, телефондарыңызды тіркеуге асығыңыздар.
Әзірлеген А.МОЛДАХМЕТҚЫЗЫ.