Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.

Мемлекет басшысына қор тобы активтерінің құнын көтеру жолдары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, корпоративтік басқару есебінен портфельді компаниялардың тиімділігін арттыру, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және сатып алулардың ашықтығы есебінен импортты алмастыру, сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірлесіп, инвестиция құю мәселелері қаралды.

Сонымен қатар президентке қор қызметінің күтілетін нәтижесі, маңызды жобалар мен жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу барысы баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруға, қордың құрамындағы компаниялар тобы қызметінің тиімділігін жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берді.
03 шілде 2023 ж. 162 0

Қоғам

СЫНАҚ. СӘТ. СЕНІМ
21 мамыр 2024 ж. 68

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9204)

21 мамыр 2024 ж.

№39 (9203)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031