Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Тимур Құлыбаевты қабылдады

Президент Тимур Құлыбаевты қабылдады

BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржы айналымының қажеттілігі, экономиканың өзге де секторларына қаражаттың қолжетімділігі жайында баяндалды.

Импортты алмастыру, мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Президент қолда бар ресурстардың бәрін іскерлік белсенділікті ынталандыруға және өндірісті дамытуға бағыттау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу кезінде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жұмысының тиімділігі сөз болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы жаппай кәсіпкерлік пен адами капиталды дамытуға негізделген "Үкімет бизнес үшін", "Бастау", "Жас кәсіпкер" жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы да айтты.
22 қаңтар 2020 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031