Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Шиелі ауданы әкімінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №342 өкімімен, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Алдабергенов Алмат Әбдуәзизұлы тағайындалды.

Алдабергенов Алмат Әбдуәзизұлы 1982 жылы 25 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Мемлекеттік және муниципиальды басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы аудан әкімі жанындағы жастарды қолдау орталығының іс жүргізушісі болып бастаған.

2005-2008 жылдары Шиелі ауданы әкімі орынбасарының бас маманы, 2008-2009 жылдары аудан әкімі аппаратының талдау және өңірлік бағдарламалар мониторингі бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, 2009-2013 жылдары аудан әкімінің көмекшісі, 2013-2014 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2014-2016 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметтерін атқарып келді.

Отбасылы. 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр.
03 шілде 2023 ж. 137 0