Ел билеген ерлер тәжірибесі
Облыстық жастар ресурстық орталығында PhD доктор, Анкара Қажы Байрам Вели университеті Түрік фольклоры кафедрасының аға оқытушысы, жерлесіміз Бекарыс Нұримановтың «Құтадғу білік» аудармасының таныстырылымы өтті.– Кітапта он ғасыр бұрын өмір сүрген бабаларымыздың бізге жолдаған сәлемі бар. Түп-тамырымызды тануға табанды еңбектер жасалып жатқан дәуірде тұрмыз. Байырғы бабаларымызбен қайта қауышу үшін бізге «Құтадғу білікті» оқу керек. Бәрінен бұрын Жүсіп атамыздың кітап жазудағы ниетіне тәнті болам. Ниет болмаса, өз заманында жазылған басқа да қанша кітаптан оқ бойы оза шауып, бүгінгі ұрпақтың қолына түспес те еді. Шығарма – халқымыздың сол дәуірдегі мәдениеті мен өмір салтынан, ел басқару дәстүрі мен ондағы қағидаларынан хабар беретін құнды әдеби жәдігер. Кітап түркі дүниесіне ынталы жалпы оқырманға, оның ішінде ғылым, білім саласының мамандарына арналған, – дейді Бекарыс Нұриманов.
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ








