2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қанша шипажай бар?

Қазақстанда қанша шипажай бар?


Фото:mavink.com

Демалыс маусымы қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Қазақстан шипажайлары туралы статистиканы ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық ұйым болды. Оның ішінде 109 –санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 –профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер бар.

«Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі – 127, мемлекетке – 42, шетелдік меншікте – 3. Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан», – делінген хабарламада.

Курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 ұйым жұмыс істейді. Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орнынан.

«Өткен жылы шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60% – әйелдер», – делінген хабарламада.
30 мамыр 2023 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930