Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол ережесін бұзған Қайрат Нұртас пен оның жүргізушісі жауапқа тартылды

Жол ережесін бұзған Қайрат Нұртас пен оның жүргізушісі жауапқа тартылды


Әлеуметтік желіде танымал хитмен отырған автокөліктің көлік қозғалысына тыйым салынған жермен өтіп бара жатқан видеосы тарады.

Талдықорғанда ән кешін өткізген Қайрат Нұртас тағы да дауға ілікті. Әнші мен оның жүргізушісі көлік қозғалысына тыйым салынған Талдықорғанның орталық алаңынан жүріп өтіп, бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеген.
Мұны байқаған желі қолданушылары заңның бәріне ортақ екенін алға тартып, ереже бұзғандардың жазалануын талап етті.
“Заң бәріне бірдей, барлығымыз бағынуға тиіспіз”, “Қайрат болсын, басқа болсын, заң бәріне ортақ”, “Айыппұл төлесін”, – деп жазды желідегілер.
Тәртіп сақшылары да өз кезегінде болған жағдайға қатысы мәлімдеме жасады.
“Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы автокөлік жүргізушісі Алматы қаласының аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – дейді полиция департаментіндегілер.
28 наурыз 2023 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031