“Отбасы банкі” салымшыларына 10 пайыз өтемақы қашан беріледі?
"Отбасы" салымшылары мемлекеттен өтемақыны қашан алады? Бұл сұраққа банк өкілдері жауап берді. Айта кетейік, кеше, 17 наурыз басқа банктер салымшыларының есепшотына 10 пайыздық өтемақы түсе бастаған.
"Отбасы банкінің" мәліметінше, 17 наурыз күні кешке олар өз клиенттерінің салымдары үшін өтемақы беруді бастаған.
"2023 жылдың 18 наурызында "Отбасы банк" ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары шоттарында 10 пайыз көлемінде өтемақы алады", - делінген банк жауабында.
Бірнеше күн бұрын "Отбасы банкіне" 115,1 млрд теңге қаражат түскен. Қаражат 883 071 депозитке аударылады.
Қазақстандық қыз-келіншектер “Отбасы банкіндегі”өз есепшоттарында 1,1 трлн теңге қаражат жинақтаған.
"Өтемақы төлеуді қарастыратын теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасының ережесіне сәйкес, 20 миллион теңгеден аспайтын салым сомасына 10 пайыз есептелетін болады. Бұл бір банкте ашылған барлық депозиттердің жалпы сомасы. Өтінім берілген депозиттердің 80 пайызына 200 000 теңге көлемінде өтемақы аударылады. Клиенттердің тағы 13,3 пайызына 200 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейінгі сома түседі", - деп қосты банк өкілдері.
Өтемақы алуға өтініш білдірген азаматтардың 4 пайызға жуығы миллион теңгеге дейін мемлекеттік қолдауға ие болады. Ең жоғары сома 2 миллион теңге 2 375 депозит ұстаушының шотына түседі.
Өтемақы 2023 жылдың 10 ақпанына дейін өтініш беру арқылы төлеуге келісімін растаған салымшыларға ғана төленеді. Егер депозиттен ақша жартылай шығарылған болса, онда өтемақы сақталған депозиттің ең аз қалдығына есептеледі. Сонымен қатар 2022 жылдың 23 ақпанынан кейінгі салымды толтыру есепке алынбайды.