Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа үйлер салынады

Су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа үйлер салынады

su taskyny 1

Ақтөбе облысының Қобда ауданы Қобда ауылындағы үйлері су астында қалған тұрғындар үшін 24 үй салынады деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Ералы Тоғжанов Қобда ауданына сапары барысында тиісті тапсырма берген. 13 наурыздан бастап Қобда ауылында 79 үй, 22 аула аумағы еріген қар суының астында қалды. Залалды бағалау жөніндегі комиссияның алдын ала мәліметтеріне сәйкес, 3 үй қалпына келтірілмейді, 4 үйдің қабырғалары құлаған, олар апатты деп танылды, 17 үй суда тұр.
Өңір басшылығы үш отбасыға бюджеттен тыс қаражат есебінен тұрғын үй сатып алуды жоспарлағанымен, елді мекенде бос тұрғын үй болмай шықты. Соған байланысты үй салу жөнінде шешім қабылданды.
Қазір елді мекенде су тасқыны деңгейінің төмендеуі байқалады. Жасанды су жинау, құм төсеу және су айдау жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 38 мамандандырылған техника, 277 адам жұмылдырылды.
18 наурыз 2023 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930