Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылардың көктемде қанша күн демалатыны белгілі болды

Оқушылардың көктемде қанша күн демалатыны белгілі болды

86d54d3e 90bd 4294 9c66 514a24ee34a7

Оқу-ағарту министрлігі 9 күнге созылатын көктемгі демалыс күндерін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

«Оқушылардың көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурыз аралығында, яғни 9 күн демалады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.
Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы:
1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:
1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қараша аралығы);
2 тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 9 күн (18-інен 26 наурыз аралығы);
4 тоқсан – 10 оқу аптасы.
16 наурыз 2023 ж. 165 0