Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар видеоны YouTube-тан жарнамасыз көреді – министр

Қазақстандықтар видеоны YouTube-тан жарнамасыз көреді – министр



Қазақстанда YouTube Premium іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин хабарлады.

«Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөздер жүргіздім. Ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.
YouTube өкілдері биылғы жылы Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші.
Premium-ге өту мүмкіндігі біздің елде бұрын қолжетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, Интернетсіз де қарай алады және т. б. мүмкіншіліктер бар» – деп атап өтті министр.
12 наурыз 2023 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930