Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Youtube туралы 18 дерек

Youtube туралы 18 дерек

 Бүгінде ең көп қолданушысы бар видеохостин ол – "YouTube". Бүгін назарларыңызға YouTube жайлы қызықты ақпараттар легін ұсынамыз.  • Youtube видеохостингінің негізін салушылар (Steve Chen, Chad Hurley, Jawed Karim) өз жобасын бастар алдында Paypal компаниясында жұмыс істеген;  • Youtube домені 2005 жылы 15 ақпанда тіркелген;  • Youtube-қа тіркелгендердің 70 пайызы АҚШ азаматтары, ал 50 пайызы жасы жиырмаға толмағандар;  • Егер Youtube Голливуд кинокомпаниясы болғанда оның аптасына 60 мың жаңа фильм шығаруға материалы жетер еді;  • Егер Youtube-қа соңғы екі ай көлемінде салынған видеоларды дайындау үшін оларды NBC, ABC, CBS (АҚШ) телеарналарына берсе, 1948 жылдан бастап демалыссыз жұмыс істеулеріне тура келер еді;  • Youtube-тің қазіргі интернет трафигі 2000 жылғы бүкіләлемдік интернет трафигімен бірдей; • Youtube видеохостингіндегі барлық видеоларды көріп шығу үшін сізге 1000 жыл қажет болады. Ал оған дейін видеолар саны миллиардтан асып кететіні сөзсіз;  • Youtube-тағы ең әйгілі айдар – Музыка. Ол хостингтің 20 пайызын қамтып отыр;  • АҚШ Youtube-қа видео салу бойынша көш бастап тұр. Екінші болып тізгінді Ұлыбритания алған. Ең көп көрілімдер бойынша да АҚШ, сосын Жапония елі бірінші;  • Youtube тарихындағы алғашқы салынған видео "Мен хайуанаттар бағындамын" деп аталады. Ол 2005 жылы 23 сәуірде салынған;  • Youtube арқылы күн сайын көрілетін видеолар саны 2 миллиардтан асады;  • Google Youtube компаниясын 2006 жылы 1,65 миллиард АҚШ долларына сатып алды;  • Youtube-қа түскен алғашқы орыс тілді видео 2007 жылы тіркелген. Ол Петр Наличтің "Гитар" әніне түсірілген бейнетаспа болатын;   • 2007 жылдың 13 наурызында «Viacom» компаниясы Youtube-тағы авторлық құқықтардың бұзылып жатқандығына қатысты Google компаниясын сотқа береді. Нью-Йорк штаты Оңтүстік округінің федералды соты арызды толықтай дұрыс деп табады. Соңыра Google Youtube-қа қатысты жеке ақпараттарды ұсынып отыруға міндетті болады;  • Youtube-та жұлдыз болған адамдар ғаламтордан тыс әлемде де жұлдызға айналды. Мысалы, канадалық Джастин Бибер өзінің видеолары арқасында дыбыс жазушы компаниямен қымбат келісім шартқа қол жеткізеді. Оның ән айтқан видеоларын Youtube-қа анасы салған екен;  • 2014 жылдың сәуір айына қатысты статистикалық ақпаратқа орай, Youtube-қа әр минутта 35 сағаттық видео жүктеледі екен. Ал күніне 50 400 сағаттық;  • "Өшірілген" деп көрсетілген видеолар, шын мәнінде, өшпеген болады. Deleted YouTube Video Viewer деген атауға ие қосымша арқылы өшірілген видеоларды көруге болады;   • 2009 жылдың наурызында Қытай өкіметі өз территориясында YouTube видеохостингін жауып тастады. Оған YouTube-қа жарияланып кеткен Қытай әскерлерінің тибеттік монахтар мен өзге Тибет тұрғындардың ұрып жатқан видеосы себеп болған.

Massaget.kz
25 қыркүйек 2018 ж. 819 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930