Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде пара беруші мен алушыға 136 млн теңге айыппұл салынды

Семейде пара беруші мен алушыға 136 млн теңге айыппұл салынды

Семейдегі жұмыспен қамту бөлімінің бұрынғы бастығы жергілікті тұрғыннан алған парасы үшін 85 миллион теңге айыппұл төлеуге тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағы, 367-бабының 2-тармағы бойынша пара алу және беру туралы іс 2022 жылғы қарашада қарала бастаған. Абай ауданының соты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, К есімді азамат Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының бастығы бола отырып, Ю-дан өзінің лауазымдық өкілеттігіне кіретін әрекеттері үшін 1,7 млн теңге көлемінде пара алған. Қызметкер 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсынған. Сот отырыстары барысында сотталушылардың кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: сотталушылардың айғақтарымен, жедел іс-шаралар материалдарымен және жасырын тергеу әрекеттерімен, сондай-ақ сотталушылардың жеке тексеру хаттамасымен толық дәлелденді.
«Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескерген. Сот Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және Семей азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының бұрынғы басшысына 85 500 000 теңге көлемінде айыппұл тағайындады. Ал пара берушіге 51 300 000 теңге көлемінде 30 рет айыппұл салынды», деді № 2 соттың баспасөз қызметі.
11 наурыз 2023 ж. 190 0