Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялардың атаулары сайлау бюлетеніне қандай тәртіппен орналасады – ОСК

Партиялардың атаулары сайлау бюлетеніне қандай тәртіппен орналасады – ОСК

Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде қандай тәртіппен орналасатынын анықтау мақсатында жеребе тарту рәсімін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Оған тіркелген 7 партияның өкілдері қатысты. Олар ортаға шығып, ішіне 1-ден 7-ге дейін сандар жазылған конверттерді алды. Тиісінше, жабық конверттегі нөмірлер партияның бюлетенде нешінші болып орналасатынын айғақтайтын болады.
«Жеребе қорытындысына сай, 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезеңінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюлетенінде келесі тәртіппен орналасады: Amanat партиясы – бірінші орында, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – екінші орында, «Respublica» партиясы – үшінші орында, Қазақстан халық партиясы – төртінші орында, «Байтақ» жасылдар партиясы – бесінші орында, «Ақ жол» партиясы – алтыншы орында, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – жетінші орында. Жеребені өткізу тәртіптері хаттамамен бекітіледі», – деді ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина.
Еске сала кетейік, Мәжіліс пен маслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленген.
18 ақпан 2023 ж. 432 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930