Ырыздық мол, ұқсату жағы кемшін
Астананың азық-түлік белдеуін дамыту – айрықша маңызды. Ойға алған шаруа оңалмай жатыр деуге де болады. Осы олқылық жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте әділ сын айтқан еді. Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, Астанадағы бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе – инфляция. Өткен жылы бағаның қымбаттауы 23 пайызға жеткен. Бұл – республикадағы ең нашар көрсеткіш. Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттапты.
«Қабылданған шаралардың тиімсіз екені анық. Жылдар бойы елорданың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтылды, бірақ бұл жұмыс орындалмады», деген болатын Президент.
Кейінгі 8 жылда елордаға әкелінетін азық-түлік импорты 3 есеге ұлғайған. Көкөніс сақтайтын қойманың жетіспеуі салдарынан жағдай қиындап тұр. Сондықтан 2025 жылға дейін қалада 13 мың тоннадан аса көкөніс сақтайтын қоймалар салу керек екенін де қадап айтты Мемлекет басшысы. Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдау керектігі туралы тапсырма берді.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының дерегіне қарағанда, ендігі Астана тұрғындарының аузынан ақ май ағып отыруы керек еді. Азық-түлік белдеуіне қашықтығы 300 шақырымды құрайтын 17 аудан түгел кіреді.
Бүгінгі таңда өңірдің 125 кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімдерін Астананың сауда сөрелеріне жеткізумен айналысады. Оның 68-і мал өнімдерін өндірсе, 54-і – өсімдік шаруашылығын ұқсататын кәсіпорындар. Үш бірдей құс фабрикасы бар. Өңірде өндірілген өнім Астананың 44 ірі сауда орындарында үздіксіз сатылып жатыр. Өткен жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары 115,2 мың тонна сүт өнімдерін, 29,5 мың тонна ет және ет өнімдерін, 251,2 млн дана жұмыртқа, 104,8 мың тонна картоп, 20 мың тонна көкөніс сатқан. Азық-түліктің бұл түрлері Астана тұрғындарының қажеттілігін біршама өтейді. Мәселен, ет және ет өнімдері тұтынушылар тілегінің үштен бірін жапса, жұмыртқа – 80, картоп – 85, көкөніс 18 пайызын қамтамасыз етіп тұр.
Енді осы арада үлкен сұранысқа ие болып отырған сапалы ет өнімдері туралы айта кетелік. Облыстағы малсақ қауым осы жылдың 1 қаңтарына дейінгі есеп бойынша 455,1 мың бас қара мал бағып отыр, жылқы саны 232 мың басқа жеткен. Қой-ешкі – 573,4 мың төңірегінде. Өткен жылы облыста тірідей салмағы 190 мың тонна ет өндіріліпті. Сүт те баршылық. Жалпы көлемі 406,7 мың тоннаны құрайды. Жұмыртқа да – аз емес, 736,9 млн дана.
Осы арада статистикалық есеп туралы айта кетелік. Пышақ көтеретін, сатылып жатқан қоңды мал аз емес. Тек оның қайда, кімге сатылып жатқаны күмәнді. Басқарма мамандары малдың сатылу көлемін ауылдық округтен малсақ қауымның алған анықтамасын есептеу арқылы ғана шығарады. Ал ол мал Астанаға жеткізілді ме, әлде Қырым мен Қытай асып кетті ме, белгісіз. Қоңыр күзде, мал семірген кезде малсақ қауым малын сатып үлгеруге асығады. Оқуға баратын бала-шағасы бар әрі өздері де малдың қысқы жем-шөбін сатып алып, қамдану керек. Дәл осы уақытта Көкшетау базарларына ала тақиялы, айыр қалпақты ағайын жеміс-жидегін әкеліп жатады. Қайтар жолда бос қайтпауы үшін әрі су тегін деуге боларлық қыруар малды артып алып кетеді. Өңірде мал шаруашылығын дамытуға 7,2 млрд теңге қаражат бөлініп отырғанын ескерсек, көп қаржының біраз бөлігі алақанымыздан сусып шығып, алыстағы ағайынның дастарқанын жайнатып тұр. Шалғайдағы шағын ауылдарда мал өлшейтін таразы емге табылмайды. Кешегі кеңестің кеңшарымен бірге металл сынығы ретінде Қытай асып кеткен. Ендігісі – көзбен мөлшерлеу. Сапар сайын кеңпейіл қазақтың қыруар малын алып көзі үйренген аларманның желіне қоюы екіталай. Мал иесінің қаржыдан қысылып тұрғанын іштері сезеді әрі сауданың салтын меңгергендер емес пе, екі ортада жем болатын – малсақ қауым.
Қолда бар малдың өзі үлкен бейнетпен бағылып отыр. Бір кезде қолы жеткен қуатты ағайын бауырына басып алған ұлан-ғайыр жердің алды қайта бастағанымен, әлі де төрт түлік мал бағып отырған малсақ қауым жайылым мен шабындықтың жоғынан теперішті көріп келеді. Ақкөл ауданының Қына ауылындағы «Табыс» шаруа қожалығының басшысы Ботажан Дәуей жайылымның да, шабындықтың да жоқтығынан бейнетке белшесінен батып отыр. Мал азығын дайындайтын шабындық болмағаннан кейін сатып алуға мәжбүр. Қазір 250-300 килолық шөптің бір бумасы – 10 мың теңгенің төңірегінде. Бір қара малға бұл шөп талғажау етуге берген күннің өзінде жарты айға жетеді делік. Сонда айына 20 мың теңгеге шөп алуы керек. Арпаның қырық килолық қабы – 5 мың теңге. Біздің жақта қыс ұзақ. Осылайша есептегенде, малдың қысқы азығы өзінің құнынан қымбаттап кетеді. Ең түсініксіз жай, ауыл іргесінде төрт мың гектар жер бос жатыр. Жер иесі не өзі пайдаланбайды, не мал сүмесімен күн көріп отырған малсақ қауымға бермейді.
Степногор қаласының іргесіндегі Қырыққұдық ауылында Алдаберген Сагшан есімді азамат 150 жылқы, 800-ге жуық ірі қара, бір отар қой бағып отыр. Жоғарыда айтылғанындай, жайылым мен шабындық тапшылығы мұнда да бар. Мұндай келеңсіздікті тізіп, көп-көп мысал келтіруге болады. Малсақ қауымның алға басқан қадамын кері кетіріп отырған жай – осы.
Ботажан Дәуейдің айтуына қарағанда, жазда сиыр сүтінің литрін 150 теңгеден тапсыратын көрінеді. Егер сүт сатпаса, жалғыз төлімен қоң жинай алмайтыны белгілі. Осы арада ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы айта кетсек. Әуел бастағы ой дұрыс еді. Кооперативке біріксе, мал тұқымын асылдандыруға да, сүті мен етін тәуір бағаға сатуға да, мал ішіндегі ауру-сырқауын ертерек анықтап емдеуге де, жайылым мен шабындық жер алуға да мүмкіндік туар еді. Қазір облыста бірде-бір кооператив жоқ. Әрбір ауданда бірді-екілі ашылған кооперативтер тегіс жабылған. Облыс орталығынан таяқтастам жердегі Зеренді ауданына қарасты Шағалалы ауылында кооператив ұйымдастырылғанда малсақ қауым көп-көрім игілігін көрді. Ең бастысы, тапсырған сүттеріне тиісті субсидия бөлініп тұрды. Кейін әлдебір себептермен кооператив тарап кетті де, әркім өз қотырын өзі қасуға мәжбүр болды. Жоғарыдағы айтқанымыздай, сүт және сүт өнімдерімен облыстың ішкі қажеттілігімен қоса Астана қаласының тұрғындарын да молынан қамтуға әбден болар еді.
– Бұл үшін жаңадан ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ. Қатар қоныстанған төрт-бес ауылдың таңғы сүті мен кешкі сүтін қосып жинайтын тоңазытқышы бар орын дайындаса болды. Сонда сүтті тасымалдауға жанар-жағармай кетпейді де, өзіндік құны арзанға түседі. Әрі қолындағы бірді-екілі малының сүтін сату арқылы ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартуға болады. Кооператив болса, субсидия бар. Ал жеке шаруаға субсидия жоқ, – дейді Зеренді ауданының тұрғыны Жібек Алпысбаева.
Өңірде мал шаруашылығын дамытуға біршама талпыныс жасалып жатыр. Оның ішінде сүбелісі – инвестициялық жобалар. Осы жобалар жүзеге асса, Астананың азық-түлік белдеуіндегі ырыс көбейе түсе ме деген дәме бар. Өткен жылы жалпы құны 17,5 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде жалпы құны 3,2 млрд теңге болатын 7 тауарлы-сүт фермасының ұйымдастырылуы бұл бағыттағы істі аздап болса да алға жылжытпақ. Астрахан ауданындағы «Камышенка» серіктестігінің 400 басқа лайықталған, Біржан сал ауданындағы 160 басқа лайықталған «Ұйымшыл-1» фермаларын айта кетуге болады. Шортанды ауданында да 300 басқа шақталған «Milk Produсt» серіктестігі бар. Әлі де ниет білдіріп отырғандар қаншама. Етті бағытта да жалпы құны 1,2 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бірақ мұның барлығы – мыңғырған мал бағып отырған өңір үшін теңізге тамған тамшыдай ғана. Ұйымдасқан шаруашылықтармен бірге аз ғана малымен күнелтіп отырған жалпақ жұрттың қамын да ойлау керек. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі және жергілікті әкімдіктер халықтың ақадал еңбегімен өсірген малының сүті мен етін сатып алып өңдеуді қолға алса, міне, сонда шынайы бәсекелестік пайда болып, күн сайын құрық салдырмай өсіп бара жатқан қымбатшылыққа тежеу болар ма еді.
Жалғыз мал шаруашылығы ғана емес, егіншілікте де бірліктің берекені көбейтетіні шындық. Мәселен, 100-200 гектар алқапқа дән сіңіретін қожалықтардың қауметі қымбат тыңайтқыш алуға, жерді эрозиядан сақтауға, арамшөптен қорғауға жете бермейді. Жомарт жердің жыл өткен сайын сараңданып тозып бара жатқаны да – осыдан. Демек алдағы уақытта шағын қожалықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтері түрінде біріктірсе қалай болар еді. Бәлкім, сонда маңдай термен өсірген өнімдерін лайықты бағаға сатудың жолы табылып қалар. Өткен жылы өңір диқандары 4,6 млн гектар жерге дәнді дақылдар тұқымын сіңіріп, мол өнім жинады. Гектар берекесі 11,6 центнерден айналды. Қамбаға құйылған мол өнімнің 2,5-3 млн тоннасы көктем келіп қалса да әлі сатылмай жатыр. Диқан қауым алдағы науқанға қажетті қаражат таппай қысылып жатыр. Тығырықтан шығар жалғыз жол – мол астықты тиімді бағамен «Азық-түлік» корпорациясының сатып алуы. Ерте көктемнен қоңыр күзге дейін шашетектен келетін шығынға батқан диқандар енді астықты элеваторлар мен қоймаларда сақтау үшін шығындануда. Сәл ұзаса, алтын астықтың әрқилы ауруға ұшырап, құрт түсуі де мүмкін. Енді кешеуілдеуге болмайды.
Өңірде картоп өсіруге мол мүмкіндік бар. Жыл сайын көктемде осы дақыл қасқалдақтың қанындай болып кетеді. Себеп – көкөніс сақтайтын қоймалардың аздығынан. Егер өңір басшылары осы мәселеге көбірек назар аударса, екі жаққа да тиімді болар еді. Айталық, күзде картоптың килосы 70-80 теңге болып тұрған кезде сатып алса, ауыл тұрғындары да артық дақылын сатып, азын-аулақ табыс табады. Есесіне жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін ұзынсарының кезінде бағаны ұстап тұруға әбден болады. Биыл сарымсақтың аздығы сезіле бастады. Сұраныс болған соң бағаның өсуі заңды. Тек соны дер кезінде үйлестіре білмеуіміз ырысты кемітіп тұр.
Астана тұрғындарын қолжетімді жергілікті азық-түлікпен қамтамасыз етудің мол мүмкіндігі бар. Әттең шикізатты өңдеп, ұқсата білмеуіміз ғана бар шаруаны шатқаяқтатып, мәселені ширықтырып тұр.