Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жайлы мектептер ұлттық нақышта салынады

Жайлы мектептер ұлттық нақышта салынады



Жайлы мектептердің интерьері, дизайны мен сәулетін жобалағанда ұлттық нақышта бірқатар элементтің болуы талап етіледі. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептерде ұлттық нақыш болады. Мердігер компанияларға мұндай шартты біз қойып отырмыз. Мектептің интерьері, дизайны мен сәулетін жобалағанда ұлттық нақышта бірқатар элементтің болуы талап етіледі. Сонымен қатар, жайлы мектептерді салуға отандық үздік инженерлер, сәулетшілер мен дизайнерлерді тарту жоспарда. Заманауи технологиялар қолданылады. Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу ашық конкурс негізінде өтеді», – деді Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруды талқылау барысында.
Сондай-ақ, жайлы мектептерде ерекше балаларға толық жағдай жасалмақ.
«Еліміздегі мектептердің дені Кеңес заманында салынған, көпшілігі ерекше балалар үшін қолайсыз. Жайлы мектептерде барлық оқушының қажеттіліктері ескеріледі, яғни кедергісіз, ыңғайлы кеңістік және пандус, лифті, дәретхана болады. Сонымен қатар, әр мектепте инклюзивті білім беру кабинеті болуы керек. Мұның бәрі балаларды қоғамға жақсырақ бейімделуіне қажет алғышарттармен қамтамасыз етеді», – дейді ол.
Айта кетсек, 2025 жылға қарай ел аумағында 842 мың орындық 401 жайлы мектеп ашу жоспарланып отыр. Ол мектептердегі орындардың саны 300-ден басталып 2500-ге дейін жетеді.
10 ақпан 2023 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930