12 градусқа дейін жылы: 1 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазақстанның солтүстік, шығыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының әсер етуіне байланысты қар жауып, тұман болады. Республикамыздың оңтүстік аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктер өтетіндіктен, жауын-шашын (қар, жаңбыр), кей өңірде қатты жауын жауады», – делінген хабарламада.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Құбылмалы бағыттағы жел 1-6 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -12-14 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел жылдамдығы 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6 аяз, күндіз +3+5 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +10+12 градус жылы болады.