ЖАҢА ЖОБА ЕСКІ АУЫЛДЫ ЖАҢАРТА МА?
Есігімізден енген қоян жылынан бастап ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыру басталады. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында мәлімдеген-ді. Жасыратыны жоқ, бұған дейін ауылды көркейту, дамыту, тұрғындар жағдайын жасауға бағытталған түрлі бағдарламалар болмады емес, болды. Ал бұл кезекті жаңа жоба кенжелеп қалған ауылды көркейте ала ма? Оның ауылға, ауыл халқына берері бар ма?
Жобадағы жаңашылдық
2022 жылғы 26 қарашада Президент «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Мақсаты – ауыл-аймақты дамыту тәсілдерін жетілдіру және тиімділігін арттыру. Сондай-ақ ауылдардағы өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын құру. Жарлыққа сәйкес Үкімет биылғы 31 наурызға дейін ауылды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдауы керек. Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді. Одан бөлек, Президент Астанада өткен ұлықтау рәсімінде Қазақстан халқының 40 ппроцентіне жуығы ауылда тұратынын мәлімдеп, Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.

– … Ең алдымен қолға алатын бірнеше мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Мен сайлауалды сөзімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын. Осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл менің жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығым болады. Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз, – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Одан бөлек, медициналық мекемелері жоқ 650 ауылға екі жыл ішінде медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылатыны айтылды.
Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылмақ. Иә, қазір еліміздегі ауыл халқының саны – жалпы халық санының шамамен 40 проценті, 1 желтоқсандағы нақты дерекке сүйенсек, 38,7 проценті. Ауыл халқының саны тұрақты түрде азайып барады. Жұмыссыздық, табыстың аздығы, жағдайдың жасалмауы сияқты тағы да басқа түрлі фактор урбанизацияның қарқын алуына ықпал етіп отыр.
«Ауылға кел, қалқатай» деп әндетер күн туа ма?
Жасыруға келмес, ауыл тұрғындарының табысы төмен. Өткен жылдың маусым айындағы дерек бойынша, қаладағы халықтың табысы ауыл халқының табысына қарағанда 38 процентке жоғары болған. Қала берді жұмыс орындары тапшы. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдемесіне сүйенсек, бұл мәселелерді реттеуге бағытталған жұмыстар басталып кеткен екен. Биылдан бастап ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде қазақстандықтардың тиімді шарттармен шағын несие алу мүмкіндігі болады. Яғни, ауылдар мен елді мекендер және шағын қалалардың тұрғындары бизнес ашуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге шағын несиелер алуға қауқарлы.

– Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5 процент. Мерзімі 7 жылдан аспайды. Кепілмен қамтамасыз етілген. Несиенің ең жоғары сомасы – 2,5 мың АЕК немесе шамамен 7,9 миллион теңге, ірі кооперацияны дамыту үшін – 8 мың АЕК немесе шамамен 25,4 миллион теңге. Несие қаражатын беру операторларын облыстардың жергілікті жерлердегі әкімдіктері мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы айқындайды, – деп айтылады мәлімдемеде.
Тиісінше ұйымдастырушылық жұмыстар мен басқа да формалды рәсімдерді ескере отырып, алғашқы микронесиелер 2023 жылдың бірінші тоқсанының соңында беріле бастайды.
Қоса кеткен жөн, ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба алғаш рет 2019 жылы Жамбыл облысында басталған-ды. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл бағдарламаны бүкіл Қазақстан бойынша масштабтауды тапсырды. Ал биыл жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 11 мыңнан астам шағын қарыз беру жоспарымен 52,4 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр.
Дегенмен бұл қаржының өз мақсатында жұмсалу-жұмсалмауы да уақыт еншісінде қалатын мәселе.
Өткен барыс жылының басында сенатор Ақылбек Күрішбаев депутаттық сауалында Үкіметтің ауыл проблемаларын шешу жөніндегі жұмысын сынға алып, ауылдың өзекті проблемаларына тоқталған еді. Ол «Бояма» статистика нақты жағдайды көрсетпейтінін айтқан болатын.
– Статистика деректері бойынша ауылдағы жұмыссыздар саны – 181 мың адам немесе 4,7 процент. Бірақ іс жүзінде «жұмыссыздық» деген халықтың бағын ашпас сор болды. Біз еліміздің барлық ауданында ауыл тұрғындары арасында арнайы әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Олардың басым көпшілігі жұмыстың жоқтығын басты мәселе деп атады. Осы сауал-намада көрсеткендей, ауыл тұрғындарының нақты табысы айына 35 мың теңге құрайды. Мұндай ақшаға қалай күн көруге болады?, – деген еді сенатор.
Ақылбек Күрішбаев жұмыссыздық салдары тағы бір проблеманы туғызып отырғанын айтып, бүгінде ауыл халқының қалаға көшу динамикасының артып отырғанын жеткізді.
– Біз жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей, еңбекке қабілетті халықтың 41 проценті ауылдардан қалаға көшуді қалайды. Әрине, урбанизацияның әлемдік үрдіс екені түсінікті. Бірақ оны басқару керек қой. Жақын маңдағы ауылдардан бір сәтте халықтың жаппай көші-қоны басталса, біздің қалаларымызда не болмақ? Егер ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін ешкім қалмаса, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз? Шекаралас аудандар қалай қорғалмақ?, – деді сенатор. Депутат бұл мәселе еліміз үшін экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси және стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.
Жоба жанданса, ауыл ажарланбақ
2019 жылы сол кездегі Ұлттық экономика министрі Ермек Алпысов еліміздегі 6 454 ауылдың 3 477 мыңға жуығының ғана даму әлеуеті бар екенін айтқан болатын. Оның 1 150-і тірек ауыл болса, қалған 2 327-сі серік (спутникті) ауылдар немесе шекаралас елді мекендер екен.

Жасыратыны жоқ, бірлі-жарым ауыл, аудан орталықтары болмаса, еліміздің басым бөлігінде инфрақұрылым әбден тозған. Интернетпен қамтылу жағдайы пандемия кезінде анық белгілі болды. Басқаны былай қойғанда, шалғай өңірлерде тасжол тозған немесе мүлде жол жоқ. Ауызсуы мен жарығы нашар ауылдар бар. Бұрынғы дүрілдеп тұрған аудан орталықтары мен гүлденген ауылдардағы инфрақұрылымдар, жарық желілері, жылу орталықтары да біршама тозған. Шалғайдағы кей ауыл тұрғындары қолындағы азын-аулақ малға қарап отыр.
Басқасын былай қойғанда, ең маңызды деген денсаулық сақтау саласында жағдай жасалмаған. Былтыр қарашада Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдардағы медициналық инфрақұрылым шамамен 50 процентке тозғанын айтқан болатын.
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылдағы объектілерге инвентаризация жүргізілді, нәтижесінде 200-ден астам елді мекенде медициналық объектілер жоқ, 400-ге жуық медициналық объекті жалдамалы, апатты немесе бейімделген ғимараттарда орналасқан, – деді министр Үкімет отырысында.
Естеріңізде болса, осыдан 15 жылдай бұрын ел Үкіметі ауылдарды арнайы сараптап, зерттеп, бірнеше топқа бөлген еді. Елді мекендер «болашағы бар ауыл», «болашағы орташа ауыл» және «болашағы жоқ ауыл» деген топтарға жіктелді. Ауылдардың жағдайына ерекше көңіл бөлінуі керектігі туралы, дамитыны, инфрақұрылымы жаңаратыны туралы сол кездерден-ақ айтылып келе жатыр. Мәселен, 2025 жылға дейін ауылдардың жақсартылған инфрақұрылыммен толықтай қамтылатыны айтылды. Одан бөлек 2025 жылға қарай еліміз бойынша сапалы ауызсуға қолжетімділікті 100 процентке жеткіземіз деп уәде етіліп отыр. Бұл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылмақ.
Ауыл шаруашылығын түлетуге тағы бір қадам
Алладан жасырмағанды, адамнан жасырып қайтеміз?! Аталған салаға қатысты орындалмаған жобалардың ішінде ауыл шаруашылығына байланысты бағдарламалар да жетерлік. Бұл туралы талай мәрте қалам тербелді. Осы салада еліміздің еңбекке қабілетті тұрғындарының 14 проценті жұмыс істейді. Оларға көрсетіліп жатқан қолдау да баршылық. Оындалуы мен іске асуы жағынан қиындық та жоқ емес.

Дегенмен биылдан бастап мал дәрігерінің айлығы 50 процентке өсетінін Сенаттың жалпы отырысында Премьер-Министрдің бірінші орын-басары Роман Скляр мәлімдеді.
– 2023 жылғы 1 наурызға дейін Үкіметке Ауылдық аумақтарды дамыту концепциясын енгіземіз. Ол 10 бағыттан тұрады. Әр бағыт бойынша нақты критерийлер бар. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын Ұлттық экономика министрлігі үйлестіреді, – деді Р.Скляр.
Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығын дамыту қадамдарына тоқталды.
– Ауыл шаруашылығы дамымаса, ауылдың тұрмысы түзелмейді. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылды? Президент тапсырмасы аясында ветеринария саласында реформа жүріп жатыр. 21 нормативтік-құқықтық актіге, соның ішінде 1 кодекс пен 5 заңға түзетулер әзірленді. Олардың мақсаты – орталық пен өңірлер арасында міндеттерді бөлу, мал дәрігерінің мәртебесін белгілеу, еңбекақы мен әлеуметтік қолдауды күшейту. Жыл соңына Парламентке тиісті заң жобаларын енгіземіз, – деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
Оған қоса мал дәрігерлеріне денсаулығын сауықтыруға екі айлық көлемінде жәрдемақы төленетін болды. Ветеринария саласы цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Жалпы 2023 жылы ауылда бизнесті дамытуға, ондағы халықтың табысын арттыруға 52,4 миллиард теңге бөлінеді деген жоспар бар.
P.S.: Қорыта айтқанда, ауыл жүдесе ырыстың азаятындығы анық. Сол себепті бұл мәселеге жүрдім-бардым қарауға болмайды. Ауылда адам қалмаса, ауыл шаруашылығы сынды бірқатар салаларды дамыту туралы әңгіме құр дақпырт күйде қалады. Бірлігіміз бекем болып, жобалар жүйелене берсе, ауыл гүлденіп, қазақияның қаймағы бұзылмайтыны сөзсіз.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ