Ауыл көркейсе – ел өркендейді
Ауыл – қазақтың алтын ұясы. Өңір экономикасын дамытуда ауылдың әлеуетін көтерудің де маңызы жоғары. Бүгінде «100 мектеп, 100 аурухана», «Ауыл – ел бесігі», «Қолжетімді баспана», «Серпін», «Дипломмен – ауылға!» т.б. бағдарламалар біршама жылдан бері жүзеге асырылып, ауыл-аймақтың даму үдерісі назарға алынып келеді. Өңіріміздің көптеген аймақтарында ауыз су, жол, газдандыру, мектеп, балабақша т.б. түйткілді мәселелер шешіліп, ауыл халқының тыныс-тіршілігінде жаңа бір леп пайда болғандай.Бүгінде тәтті картобымен танылған берекелі ауылдардың бірі – Бестам. Халқы бейнеткеш Бестамның берекесі бірлігінде. Ауылдағы ағайынның жай-күйі мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды ауыл әкімі Ф.Ержан баяндап берді.
֪– Бестам елді-мекенінде жекешелік әріптестік аясында соғылған спорт кешені орналасқан. Сауықтыру кешенінде күрес, таэквандо жаттығу үйірмелері бар. Онда 1 әдіскер, 2 жаттықтырушы, 4 техникалық қызметкерлер жұмыс істейды. Спорт кешенінде 30 оқушы күреспен, 15 оқушы таэквандомен жаттығуда. Ауылдың мақтанышы Ботакөз Жарқынбекқызы Оңтүстік Корея мемлекетінде таэквондодан әйелдер арасында өткен Азия біріншілігінде 49 келі салмақта сайысқа түсіп, қола жүлдегері атанды. Ботагөз бұған дейін Қазақстан біріншілігін 2 рет ұтып, Қазақстан ұлттық құрама командасына қабылданған болатын. Ауыл жастарын қолдау, спорттық үйірмелерге маңыз беру арқылы тек ауылдың емес, қазақ елінің мәртебесін арттыра түсеріміз сөзсіз, – дейді әкім.
Бестам ауылында 2003 ірі қара, 350 жылқы, 50 түйе, 815 қой-ешкі, 1200 тауық есепте бар. Сондай-ақ 3127 гектар ауылшаруашылық жері бар. Оның 2340 гектары егістік, 136 гектары шабындық , 954 гектары жайылымдық жер. Округте 3 іріленген «Ақниет-2», «Алтын дән», «Бестам елі» шаруа қожалығы, 8 жанұялық шағын шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысады. Биылғы жылы 870 га күріш, 104 га картоп, 77 га көкөніс, 80 га бақша өнімдері егіліп, оны шашпай-төкпей жинап алғандарын да тілге тиек етті.
Ауылды абаттандырамыз
Жуырда ғана кезектен тыс Президент сайлауы өткені есімізде. Ел тізгінін Қ.Тоқаев қолға алып, ұлықтау рәсімі де өтті. Сонда: «Қазір – сайлаудағы жеңісті тойлайтын кез емес, аянбай еңбек ететін кез. Сол себепті, арқаны кеңге салмай, бірден іске кірісуіміз керек, босаңсуға болмайды. Осы орайда, ең алдымен қолға алатын бірнеше мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Мен сайлауалды сөздерімде ауылды өркендету ісіне баса назар аудардым. Бүгінде Қазақстан халқының 40 процентке жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Яғни, ауылды абаттандыру, халықтың тұрмыс сапасын арттыру жолында жаңа бастамалар қолға алынатын болады.

– Бестам елді мекеніндегі 2012 жылы «Досман қажы» атындағы мешіт үйі пайдалануға берілген. Ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен ауылдық мешіт үйінде бірнеше іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар ауыл тұрғыны Бахман Досмановтың ұйымдастыруымен «Досман қажы» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бестам елді мекеніндегі су қоймасы 2012 жылы пайдалануға беріліп, елді-мекен ауыз сумен толық қамтылып отыр. Ал ауылды санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына 17 азамат қабылданды. Ауылдағы Р-12-6 аяқ су келетін каналына біршама қазу жұмыстары жүргізілді. Бестам ауылдық округі бойынша және ауылдық округтегі мемлекеттік мекемелерде көркейту-көгалдандыру айы бойынша тазалық жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады, – дейді ауыл әкімі Ф.Ержан.
Айта кетейік аталған ауылда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен 109 млн 200 мың теңге қаржы бөлініп, Әбілаш Әбуов, Мұхтар Әуезов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Сайыпназар Төлебаев, Абай тұйығы, Тәуелсіздік көшелеріне жалпы ұзындығы 6,8 шақырым жерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген көшелер асфальттанып, қаржысы толық игерілген. Ауылдық округтің барлық көшелеріне жарық шамдары орнатылып, ауыл көркі артып келеді.
Г.ӘБДІХАНИ