«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОНОМИКАНЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ
«Жасыл Қазақстан» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Аталған жоба арқылы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделіп отыр.
«Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздегі су нысандарының экожүйелерін сақтау сынды негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді. «Үнемді Қазақстан» бағытында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға ден қойылады. Бірінші кезекте, бұл су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты. «Табиғат» бағытының мақсаты – биоалуандықты сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту. Төртінші бағыт – «Экология болашағы» халықтың экологиялық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға арналған.
Әр бағыт бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгей-дегі құжаттарымен, сондай-ақ БҰҰ Орнықты даму мақсаттарымен өзара байланыстылығы айқындалған. Мәселен, тұрақты дамудың 17 мақсатының ішінде бұл жоба жеті мақсатты іске асыруды көздейді», – деді С.Брекешев.
Еліміздің бас экологы мәлімдегендей, «Таза Қазақстан» атмосфералық ауаның ластануын азайтуды, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруді, тұйық циклдегі экономиканы дамытып, тарихи ластануларды жоюды және республика аумағындағы су нысандарының экожүйелерін сақтауды көздейді. Бұл біріншіден, ластанудың деңгейі жоғары өнеркәсіп орындарының қызметі мен электр стансаларында көмірді жағумен байланысты. Осы мәселені шешу үшін ауа сапасы нашар 10 қалада 5 жыл ішінде 16 ірі кәсіпорында зиянды қалдықты 20 процентке төмендету жоспарланып отыр. Айталық «АрселорМиттал Теміртау» қалдық көлемін 54 процентке азайтуға міндетті.
«Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың санын қалпына келтіру» міндеті шеңберінде тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін азық базасын құру мақсатында «Іле – Балқаш» мемлеккеттік табиғи резерватында қабан, тоғай бұғысы, елік санын ұлғайту көзделген. Сондай-ақ балық ресурстарының табиғи популяциясын 224 мың тоннаға дейін ұлғайту және жерсінуі кемінде 65 процент болатын 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі іс-шаралар қарастырылған», – деді министр.
«Осы бағытта екі міндет алға қойылған. Біріншіден, бұл – экологиялық аспектілерді ресми білім беру және ағарту жүйесіне біріктіру. Мектептің 6-сынып бағдарламасына таңдау бойынша жаңа курс ретінде «Экологияны» енгізіп, осы бағыттағы ағарту орталықтары же¬лісін құру көзделген. Екіншіден, экологиялық бағыттағы ақпараттық кеңістікті қалыптастыру. «Birgetaza Qazaqstan» сынды экологиялық акциялар іске асырылады», – деді Экология министрі.
Тұтастай алғанда, жобаны іске асыру халықтың нақты кірістерінің ұлғаюына, ІЖӨ-нің 231 млрд теңгеге өсуіне ықпал етіп, 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп болжануда. Министр бұл жоба әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге арналғанын жеткізді. Бұдан басқа аталған стратегия көлдердегі су сапасын жақсартуға, сондай-ақ суару кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Сол секілді орманды аумақты 5 процентке дейін ұлғайтуға жол ашады деп сендірді жоба авторлары.
Ұлттық жоба негізгі 7 бағытты көздейді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің сөзінше, құжат төрт негізгі бағыттан тұрады. Тұтастай алғанда, Ұлттық жобада 11 міндет қарастырылып, соған сәйкес 19 көрсеткіш және 48 іс-шара айқындалды.«Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздегі су нысандарының экожүйелерін сақтау сынды негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді. «Үнемді Қазақстан» бағытында табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға ден қойылады. Бірінші кезекте, бұл су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты. «Табиғат» бағытының мақсаты – биоалуандықты сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту. Төртінші бағыт – «Экология болашағы» халықтың экологиялық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға арналған.
Әр бағыт бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгей-дегі құжаттарымен, сондай-ақ БҰҰ Орнықты даму мақсаттарымен өзара байланыстылығы айқындалған. Мәселен, тұрақты дамудың 17 мақсатының ішінде бұл жоба жеті мақсатты іске асыруды көздейді», – деді С.Брекешев.
Еліміздің бас экологы мәлімдегендей, «Таза Қазақстан» атмосфералық ауаның ластануын азайтуды, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруді, тұйық циклдегі экономиканы дамытып, тарихи ластануларды жоюды және республика аумағындағы су нысандарының экожүйелерін сақтауды көздейді. Бұл біріншіден, ластанудың деңгейі жоғары өнеркәсіп орындарының қызметі мен электр стансаларында көмірді жағумен байланысты. Осы мәселені шешу үшін ауа сапасы нашар 10 қалада 5 жыл ішінде 16 ірі кәсіпорында зиянды қалдықты 20 процентке төмендету жоспарланып отыр. Айталық «АрселорМиттал Теміртау» қалдық көлемін 54 процентке азайтуға міндетті.
Ұлттық парктер де назардан қалған жоқ
Экожүйені орнықты дамыту үшін әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы шамамен 10-12 процентті құрауы тиіс. Қазір Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесі – 9,6 процент. Осыған байланысты «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркін және «Мерке» қорықтар табиғи паркін құру жоспарлануда.«Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың санын қалпына келтіру» міндеті шеңберінде тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін азық базасын құру мақсатында «Іле – Балқаш» мемлеккеттік табиғи резерватында қабан, тоғай бұғысы, елік санын ұлғайту көзделген. Сондай-ақ балық ресурстарының табиғи популяциясын 224 мың тоннаға дейін ұлғайту және жерсінуі кемінде 65 процент болатын 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі іс-шаралар қарастырылған», – деді министр.
Экологиялық мәдениеттің мәйегі
С.Брекешевтің сөзінше, «Экология болашағы» аясында орнықты даму қоғамын құруға баса назар аударылады. Ведомство басшысы экоқұрылым мен мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі бағыт ұлттық жобаның базалық бағыты саналатындықтан табиғатты қорғау және экологиялық сақтау іс-шаралары мен саясаты бірінші кезекте экология және қоршаған ортаны қорғау туралы базалық түсініктері бар азаматтарға арналады. Қа¬зіргі жағдай осы саладағы білім беру, оның ішінде экологиялық білім саласында реформалар жүргізу қажеттілігін көрсетіп отыр.«Осы бағытта екі міндет алға қойылған. Біріншіден, бұл – экологиялық аспектілерді ресми білім беру және ағарту жүйесіне біріктіру. Мектептің 6-сынып бағдарламасына таңдау бойынша жаңа курс ретінде «Экологияны» енгізіп, осы бағыттағы ағарту орталықтары же¬лісін құру көзделген. Екіншіден, экологиялық бағыттағы ақпараттық кеңістікті қалыптастыру. «Birgetaza Qazaqstan» сынды экологиялық акциялар іске асырылады», – деді Экология министрі.
Тұтастай алғанда, жобаны іске асыру халықтың нақты кірістерінің ұлғаюына, ІЖӨ-нің 231 млрд теңгеге өсуіне ықпал етіп, 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп болжануда. Министр бұл жоба әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге арналғанын жеткізді. Бұдан басқа аталған стратегия көлдердегі су сапасын жақсартуға, сондай-ақ суару кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Сол секілді орманды аумақты 5 процентке дейін ұлғайтуға жол ашады деп сендірді жоба авторлары.
«Өскен өңір» ақпарат агенттігі