Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нан қымбаттай ма?

Нан қымбаттай ма?

Қызылордада нан қымбаттайды. Сондай-ақ «Байқоңыр» ӘКК-мен келісімі жоқ наубайханалар жабылуы мүмкін. Дәл осындай хабарламаны Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау» бөлімінің басшысы Гауһар Елеусінова айтты.
Нанның қымбаттауын ол бірнеше себептермен байланыстырады. Алғашқысы – ұн бағасының өсуі. «Ұн қабы орта есеппен 12 000 теңге болды. 1 қаптан 150 нан шығады шамамен. Қазір дүкенде нан 100 тенге. 15 000 теңгенің 12 мың теңгесі ғана ұнға кетеді, ал бұған қоса газ, свет, су, тұз, көлік, еңбек ақы шығындары бар. Яғни, наубайханалар үшін 100 теңгенің өзі тиімсіз», – дейді Гауһар Елеусінова. Екінші бір себеп «Байқоңыр» ӘКК-мен келісімі бар наубайханалар ғана ұнның қабын 8 000 теңгеден алатын көрінеді. Осының арқасында ғана аталған наубайханалардан нан 75 теңгеден шығады. Ал дүкендер оған 5-10 теңге қосып сатады.
Сол себепті нан бағасын ұстап тұрудың жалғыз жолы барлық наубайханалар «Байқоңыр» ӘКК-мен келісімге келуі тиіс. Сонда ғана нан жетіспеушілігін болдырмай, наубайханалардың жабылуының алдын алып, жұмыссыздар санын арттырып алудан сақтануға болады. Болжам бойынша, ұнның бағасы әлі де қымбаттауы мүмкін. Мамандар осы кезден бастап әкімдіктер нан қымбатшылығының алдын алса, осы бағытта жұмыс жасаса деген ұсыныс білдіруде.

Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ
02 шілде 2022 ж. 914 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031