ЖҮРСІННІҢ ЖҮЙРІКТЕРІН ТОПҚА ҚОСҚАН КЕНЖЕБАЙ
Сәрсенбі күні Алғабас ауылдық мәдениет үйінде әнші, сазгер, айтыс ақыны, сатирик, ҚР Мәдениет қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі» Кенжебай Жүсіптің 55 жас мерейтойы аталып өтті. Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы И.Байкенжеев, Жүрсіннің жүйріктері аталып кеткен, Сыр елінің белгілі ақындары Иранғайып Күзенбаев, Ержан Әмір, Мейірбек Сұлтанхан қатысты.
Кеш театрландырылған қойылыммен басталып, оған Кенжебайдың сыпыртқыны домбыра етіп, әндеткен уайымсыз бозбала шағы арқау болды. Қойылымнан кейін аудан әкімінің орынбасары А, Есмахановқа сөз беріліп, ол Кенжебай Жүсіптің туған жердің мәдениетін дамытуға қосқан үлесіне ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Кенжебай Жүсіпке арналған «Мәдениет саласының үздігі» медалін, елдің-халықтың алдында салтанатты түрде табыстауды жөн көрді.
Кеш театрландырылған қойылыммен басталып, оған Кенжебайдың сыпыртқыны домбыра етіп, әндеткен уайымсыз бозбала шағы арқау болды. Қойылымнан кейін аудан әкімінің орынбасары А, Есмахановқа сөз беріліп, ол Кенжебай Жүсіптің туған жердің мәдениетін дамытуға қосқан үлесіне ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Кенжебай Жүсіпке арналған «Мәдениет саласының үздігі» медалін, елдің-халықтың алдында салтанатты түрде табыстауды жөн көрді.
Одан соң Кенжебай Жүсіптің «Алу мен салу» атты авторлық интермедиасы қойылып, онда екі абысынның арасындағы әңгіме, тойдан қос-қос дорбамен тірі жанның көзіне түспей шығу жолдары жайында шеберлік сабақтары өткізілді. Жалпы, қойылым екі абысынның арасындағы татулықты, әдемі әңгімені керемет суреттеп, «қулықты өмірдің өзі үйретеді» деген ойға тоқталады.
Интермедиадан кейін құттықтау тілектер жалғасын тауып, И.Байкенжеев, Н.Палымбетова сынды ауданға белгілі тұлғалар мерейтой иесіне ыстық лебіздерін білдірді. И. Байкенжеев болса, «Қазақта бір сөз бар «қазақтың жақсылары ауылда туып, астанаға барып өледі» деген. Мұнымен айтпағым, біздің Кенжебай жақсы өмір іздеп туған жеріне кеткен жоқ. Керсінше, бойындағы бар өнерін, талантын еліне арнап, қызмет етті. Мен сол үшін Кенжебайға ризамын» деді. Ал, ауыл тұрғындары болса, «Кенжебай келместен бұрын ауылдық мәдениет үйінің жағадайы қиын болды. Ол осында келгелі мәдениет үйі жаңарып, адам танымастай күйге енді, көптеген қойылымдар қойылып, таланттары жастар саны артты. Біз Кенжебаймен мақтанамыз» деді.
Мерекелік кешке келе алмаған Кенжебай Жүсіптің қызы Алматы қаласынан Әсем Жүсіп бейнеқұттықтау жолдап, «Әке мен сіздің жастық шағыңыз өтіп, анамызбен танысқан ең сүйікті қалаңыз Алматыда тұрып, сізге сәлем жолдамақпын. Артымнан ерген үш бауырымның, өзімнің атымнан сізге шексіз алғысымды білдіремін. Кенжебайдың қызы деген абыройлы атты алып жүру мен үшін үлкен мәртебе. Шын жүректен сізге қажымас қайрат, мықты денсаулық тілеймін» деді. Сондай-ақ, бейнеқұттықтау арқылы елге белгілі ақындар Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбек, Ринат Зайытовтар жүрек жарды тілектерін айтты.
Мерейтой кешінде ән айтылып, қойылым дар көрсетілген соң кезек арнауларға келді. Арнау оқуға Бала би ауылдық мәдениет үйінің басшысы Талғат Күзембаев, Бекжан Әмір, Фариза Кенжешова шықты.
Кештің соңына таяп қалған сәтте, Кенжебайдың қос шәкірті Ержан Әмір мен Мейірбек Сұлтанхан ортаға шығып, бір-бірне дес бермей, шын жүйрік екендіктерін танытып, керемет айтыс өнерін көрсетті. Одан соң ақынның Ержан Әмір, Мейірбек Сұлтанхан, Иранғайып Күзенбаев атты үш шәкірті ұстаздарына алғыс білдіріп, ат мінгізді.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ