Ақылы жолда ақылды бол
Қазақстанда 18 бағыттағы күре жол ақылы болады. Жыл басында осындай мәлімдеме жасалуы мұң екен, еліміздегі жүк көліктерінің жүргізушілері бас көтерді. Маусым айында басталған наразылық шаралары аптаға созылып, көлік жүргізушілері «ақылы жол болмасын, ақша төлеуге лайық жолдар бізде жоқ. Автобандардың өзі қыста тазаланбайды, апталап далада қаламыз. Одан қалды магистральдардағы қауіпсіздік мәселесі шешілмеген. Ірі мал жолға шығып кетіп, апаттар жиі болып жатады» деп наразылық танытты.
Дегенмен, айтып-айтпай не керек қарсылыққа қарамастан қараша айынан бастап 7 автожол ақылы болды. Атап айтар болсақ, 23 қарашадан бастап бірінші санаттағы республикалық маңызы бар: Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Шымкент – Тараз, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Ташкент, Шучинск – Көкшетау автожолдары ақылы қызметке көшкен болатын. Жеңіл көліктер 1 километр үшін 1 теңге, ал жүк көліктері 25 теңгеге дейін төлем құны бекітілген. I санаттағы тас жолдарда авткөліктердің барлық түрінен, ал II және III санаттағы тас жолдарда тек жүк көліктерінен төлем алынбақ.

Адам баласының көпшілігі жаңалыққа күмән-күдікпен қарап, үдеріп тұратыны бар. Әуелі игілігінен гөрі кемшіліктеріне көп мән береді. Десек те, қарапайым халық бұл жаңалыққа үрке қарамай, тиімді тұстарын пайдалана білсе деген оймен бүгінгі мақаламызды ақылы жолға арнамақпыз. Себебі, аймақ тұрғындары күре жолды пайдалану барысында төмен тарифтер арқылы қозғалғысы келсе, бірнеше жайттары ескеру керек.
Ол үшін: 1403 нөміріне хабарласыңыз немесе http://Kaztoll.kz сайтында пайдаланушының жеке кабинетінде тіркелу қажет
1. http://Kaztoll.kz сайтына өтеміз
2. «Жеке кабинетке кіру» батырмасын басамыз
3. «Жаңа тіркелуші» батырмасын басамыз
4. Email және парольді тересіз (өзіңіздің жеке электронды поштаңызды жазасыз)
5. «Регистрация» батырмасын басасыз
6. Электронды поштаңызға «хабарлама» келеді, сол жерден «Белесендіру» (активировать) батырмасын басамыз
7. http://Kaztoll.kz сайтына өтіп, жеке кабинетке кіресіз
8. Көлік құралдары бөлімшесінде «қосу» батырмасын басып, атыңыздағы жеке көлігіңізді енгізесіз.
9. «Теңгерімді толтыру» батырмасын басып, өзіңізге ыңғайлы тәсілін таңдайсыз немесе Kaspi бағдарламасына кіріп, (платежи>барлығы>көлік> ақылы жолдар мен шлагбаумдар>ақылы жолдар>өз көлігіңіздің нөмірін жазып төлем жасайсыз).
Тағы бір айта кетерлігі, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жеңіл көлік құралдарына арнайы тарифтер қарастырылған. Ол үшін, аталған санаттағы азаматтар бар болғаны 1000 теңге төлем жасап, 365 күн бойы белгіленген аумақта тегін қозғалуға мүмкіндік алмақ. Мәселен, Шиелі ауданында тіркелген жеңіл автокөлік жыл бойына Шымкент-Қызылорда аралығында тегін жүре алады.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ