БАЛАҢЫЗҒА ЕКПЕ ЕКТІРЕСІЗ БЕ?
Жақын күндері еліміздің ақпараттық басылымдарында «Жапония мемлекетінде 15 айдан бері коронавирустан бірде-бір адам өлімі тіркелген жоқ», деген мәтінде ақпар тарады. Расында, Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл елде соңғы рет өлім-жітімнің нөлдік өсімі өткен жылдың 2 тамызында тіркелген көрінеді. Ал өткен тәулікте 126 миллионға жуық халқы бар мемлекет бойынша коронавирус инфекциясының тек 157 жаңа жағдайы анықталып,жалпы ел бойынша 100 ауру жұқтырған адам қарқынды терапия палаталарында ем алуда.
Жапония мемлекеті мұндай төмен көрсеткіштерге вакцинация жұмыстарының қарқынды жүргізілу нәтижесінде жетіп отыр. Өйткені елде екпе алғандар халықтың 70 процентінен асып жығылған. Сондай-ақ, қыста қорғану үшін Жапония үкіметі келесі айда азаматтарға қайта екпе салуды жоспарлап, оған қоса ауруханаға жатқызуды азайту үшін жеңіл жағдайлардағыларды таблетка арқылы емдеп жатыр. Бұған дейін, қыркүйекте Жапонияда коронавирус төтенше жағдайы режимін толығымен алып тастау туралы ресми түрде жарияланған болатын. Ал, біздің елімізде эпидемиялық ахуал қалай? Мәселені аз-кем зерттеп көрдік.
Жапония мемлекеті мұндай төмен көрсеткіштерге вакцинация жұмыстарының қарқынды жүргізілу нәтижесінде жетіп отыр. Өйткені елде екпе алғандар халықтың 70 процентінен асып жығылған. Сондай-ақ, қыста қорғану үшін Жапония үкіметі келесі айда азаматтарға қайта екпе салуды жоспарлап, оған қоса ауруханаға жатқызуды азайту үшін жеңіл жағдайлардағыларды таблетка арқылы емдеп жатыр. Бұған дейін, қыркүйекте Жапонияда коронавирус төтенше жағдайы режимін толығымен алып тастау туралы ресми түрде жарияланған болатын. Ал, біздің елімізде эпидемиялық ахуал қалай? Мәселені аз-кем зерттеп көрдік.
2020 жылғы 13 наурыздан бері біздің елде барлығы - 949 мың 600 коронавирусқа щалдыққан науқас тіркеліп, оның ішінде 5071 жағдай өліммен аяқталған. Жазылып шыққандардың саны 901 843 адам болып отыр. Өткен тәуліктің өзінде 1000-нан астам адам індетті жұқтырыпты. Өңірлерге қарай келер болсақ, көш басында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Қарағанды облыстары. Ал, біздің Қызылорда облысында індет жұқтырғандар 19 мың адамға жетіп, халықтың 2,5 процентін құраған.
Ауданымыздағы эпидемиялогиялық ахуалға келер болсақ, жыл басынан бері Шиелі ауданында 1537 індет жұқтыру жағдайы тіркеліп, оның 1475-і емділіп шықса, 20 жағдайда адам өлімі тіркелген. Ем алушылардың 636 үй жағдайында, 839 амбулаториялық бақылауда болған. Қазіргі таңда ем алып жатқан 42 науқастың 19 аудандық ауруханада, 25 үй жағдайында ем қабылдауда. Олардың амандығы үшін 125 медицина қызметкері мен 2 жедел жәрдем көлігі үздіксіз жұмыс жасауда. Мамандардың айтуынша тіркелген жағайлардың басым бөлігі Шиелі кенті мен Иіркөл, Жуантөбе, Бәйтерек ауылдық округінде орын алғандығын ескере отырып, аталған елді мекендерде вакцина егудің маңыздылығы турасында түсіндірме жұмыстары күшейтілмек. Тағы бір айт кетерлігі, жыл басында індет өсімі төмендегенімен, соңғы 4 айда олардың саны күрт артқандығы анықталып отыр. Сонымен қатар күннің суытуына байланысты маусымдық тұмау жұқпасы таралып жатқандығы тағы бар.
Енді вакцинация жұмыстарына тоқталар болсақ, 2021 жылғы 8 қарашадағы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 409 883 адам, 2-компонентін 7 674 577 адам салдырса, Шиелі ауданында жоспарланған 43 мың 285 халықтың 32 мың 409 адамы, яғни 74,8 проценті екпе салдырған. Вакцина салдыруға ниетті халықтың қарасы азайғанмен көрсеткіштер жаман емес.
Алдағы уақытта 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау үшін елге барлығы 4 миллионға жуық доза жеткізілетіндігін, бұл арқылы 2 миллион адамды вакциналау жоспарланғанын ескеретін болсақ, оның саны еселеп артады деген болжам бар. Сондай-ақ, ауданда тіркелген, 1537 жағдайдың, 173 кәмелет жасқа толмаған балалар екендігін ойласақ, қорқыныш пайда болады. Дегенмен балаларға арналған вакцинаны салдыру ата-аналардың өз еркіндегі мәселе болғандықтан ешкімге жол сілтеуден аулақпыз. Бастысы, ата-аналар бала елдің ертеңі екендігін, оның амандығы мемлекеттің басты мүддесі болып табылатындығын ұмытпаса дейміз.
Рамазан ӘНӘПИЯ