Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

17 тамыз күні ел аумағының басым бөлігінде күн ашық, тек шығыста ауа ағындарының әсерінен найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-шығыста бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай жарқылдайды, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Павлодар облысының батысы, оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде найзағай, бұршақ, кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.
Түркістан облысы, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.​https://kyzylorda-news.kz​​​
17 тамыз 2021 ж. 516 0