Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ГАЗДАНДЫРУ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ІСКЕ АСАДЫ

ГАЗДАНДЫРУ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ІСКЕ АСАДЫ

  Кеше облыстық мәслихаттың өндіріс және шаруашылық салалары, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресустарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия төрағасы, депутат Бақдәулет Махашов жұмыс жоспарына сәйкес Қызылорда қаласына қарасты Сырдария өзенінің сол жағалауындағы елді мекендерді (“Ақсуат”, “Сабалақ”, “Ақжарма”) және аудан орталықтары мен ауылдарды газдандыру барысы туралы мәселе қаралатынын айтты. Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Руслан Нұрмағанбетов хабарлама жасады.
Ол өткен жылы бюджет есебінен Арал ауданындағы Жақсықылыш кенті, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында Қазалы ауданындағы Мұратбаев, Шиелі ауданындағы Байсын елді мекендері табиғи газбен қамтылғанын атап өтті. Нәтижесінде 7,6 мың адам табиғи газға қосылу мүмкіндігін алған.
Биыл ақпан айында Тереңөзек кентіне газ берілсе, шілде айында Жосалы мен Жалағаш кенттерін және жыл соңына дейін Қазалы қаласы мен Шиелі ауданындағы Бекежанов, Қодаманов ауылдарын газдандыруды толығымен аяқтау жоспарланған. Бұл газбен қамтамасыз ету үлесін 67,4%-ке дейін көтереді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбетов ауылдарын газдандаруды бастауға республикалық бюджетті бірінші нақтылауда тиісті қаржы бөлінді. Басқарма басшысы қазір мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Бұл жоба 2022 жылға өтпелі болады.
Хабарламашы облыста автомат­тандырылған газ тарату стансалары бо­йынша да мәліметтер берді. Жалпы аймақта 14 автоматтандырылған газ тарату стансасын орнату жоспарланған. Оның ішінде 9 АГТС орнатылған. Сексеуіл мен Шоқай елді мекендерінде қойылатын АГТС-тар бойынша жоба-сметалық құжаттамалар мемлекеттік сарапатаманың қарауында болса, тағы екі стансаның құжаттамалары кезең-кезеңімен әзірленеді және қаржы­ландыруға ұсынылады.
Басқарма басшысы 2025 жылға дейін тиісті жұмыстар атқарылған жағдайда облыс тұрғындарын газбен қамту үлесін 75%-ке дейін көтеру межесі бар екеніне тоқталды.
Комиссия отырысына қатысушы депутаттар басқарма басшысына бірқатар мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ұсыныстар оты­рыс қорытындысы бойынша қабыл­данған қаулыға енгізілді.
20 маусым 2021 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930