Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «САПАЛЫ ЖОЛ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

«САПАЛЫ ЖОЛ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

2021 жылғы 27 мамыр күні департаменттің ұйымдастыруымен«Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Қызылорда қаласының Ақтөбек-2 көшесінің автожол сапасына кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді.
«Сапалы жол - Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы - автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезінде қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, туындайтын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жұмыс барысында ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Мониторинг барысында жылжымалы зертхана қызметкерлерімен тиісті сынамалар алынып, жолдың сапасына қатысты қорытындыға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.
28 мамыр 2021 ж. 568 0