Облыс әкімі республикалық турнирінің жеңімпаздарын марапаттады

-Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсізігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан спортының жарық жұлдызы, Сыр елінің мақтанышы Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир бүгін өз мәресіне жетті. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ел спорты қарқынды дамып, спортшыларымыз әлемдік додаларда жоғары жетістіктерге жетіп, Көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатып келеді. Соның ішінде Элизабетті әлемдік спорт тарихында төрт айналымдық сальховты сәтті орындаған тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан спортының тарихында осы спорт түрінен қыздар арасында Әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы спортшы ретінде бәріміз мақтаныш етеміз. Бүгінгі дәстүрлі шара жас ұрпақтың патриоттық сезімін арттырып, спортқа ынталандыра берері сөзсіз. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймын! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
