Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев "Спутник V" вакцинасын салдырды

Тоқаев "Спутник V" вакцинасын салдырды

Фото:akorda.kzМемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ", - деп жазды 6-шы сәуір күні, Берік Уәли Facebook-парақшасында.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулер алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы", - деп толықтырды ол.

tengrinews.kz

07 сәуір 2021 ж. 771 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031