Зейнетақы төлемін алу: "Отбасы банк" сенбі күні жұмыс істейді
"Отбасы Банк" бөлімшелері 6 ақпанда сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.
"Біржолғы зейнетақы төлемін алушының шотына ақша түскенде, 2021 жылғы 5 ақпанға есептелген қарыздарды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл клиенттер артық 1 күнге пайыз төлемеу үшін жасалды. Сондай-ақ, 45 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін аударуға үлгеру үшін алдыңғы күнмен несиені өтеуге мүмкіндік береді", - делінген "Отбасы Банк" хабарламасында.Сондай-ақ, банк мерзімінен бұрын алынған зейнетақы есебінен қарызды өтеу алгоритмін еске салды:
- Банк бөлімшесіне бармас бұрын онлайн-платформадағы жеке кабинетке кіруді ұмытпаңыз. "Банкті таңдаңыз" батырмасын басып "Отбасы банкті" көрсетіңіз және "өтінімді жіберу" батырмасын басыңыз. Құжаттарды жүктеудің қажеті жоқ. Олар банктің дерекқорында сақталған.
- Сайтта банк бөлімшесіне келу уақытын көрсетіңіз. Уақытты енгізу кезінде "Посткредит" мақсатын басып "несиені өтеу (ішінара/толық)" операциясын таңдаңыз.
- Егер өтінімде сізден бөлек қарыз алушы қосымша тіркелсе, оны шақыруды ұмытпаңыз. Өйткені жаңа өтеу кестесіне қол қою кезінде оның қолы қажет болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.