Зейнетақы жинақтарын алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ең алғаш болып Шымкент қаласының тұрғыны біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды. Бұл туралы «Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлады.
Шымкенттіктер өздерінің іскерлігімен және іс-қимыл жылдамдығымен танымал. Біржолғы зейнетақы төлемдерін алған алғашқы адам дәл осы керемет қаланың тұрғыны болғаны да таңғаларлық емес.
Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім, - деп атап өтті шымкенттік. Кейіпкердің сөзінше, 1 ақпанда оның арнайы шотына бір жолғы зейнетақы төлемдері түскен.
«Отбасы банктің» баспасөз қызметінің хабарлауынша, клиент тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алды. Ал ипотеканы «Отбасы банкінен» алуды шешкен.
Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым. Ипотеканы «Отбасы банктегі» аралық заем арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады, – дейді кейіпкер.«Отбасы банктің» хабарлауынша, 3 жылдық жинаққа қол жеткізгеннен кейін заем бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5%-ға дейін төмендейтіні қуантты.
Салымшымыздың айтуынша, несие бойынша мақұлдама тез берілді. Небары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алды және несиені рәсімдеуге де көп уақыт жұмсалмады. Зейнетақы жинақтарының және «Отбасы банкінің» арқасында отандасымыз үй құрылысы аяқталғаннан кейін жаңа шаңырақ астында қоныс тойын тойлайтын болады, - делінген хабарламада.