Таласымды тартамын тазалыққа, шашып-төгу жатады балалыққа
Таңмен таласып күнделікті күйбең тіршілігіне кіріскен тазалықшылардың қатарына «бұл жолы тағы бір адам қосылды. Бұл жас жігіт кім болды?», – деген ағалардың таңданысына жас жігіт: – «Журналистпін, жұмыстарыңызды көріп, елге таныстырмақ ниетте келдім», – деді. Алып қоқыс тазалаушы көлігін тізгіндеген Мадияр ағамыз «ендеше көлікке отыр», – деп тура таңғы сағат 08.00-де жұмысын бастап кетті.
Көліктің іші-сырты айнадай Мәкеңнің өз жұмысын ықыласпен атқарып жүргені көрініп-ақ тұр.Әңгімесін жөн сұрасудан бастадық. 5 баласы бар екен. Үлкені биыл оқуға түсіп, білім алмаққа ниеттенген. Осыған дейін түрлі жерлерде, өзге қалаларда жұмыс жасаған Мадияр Бердияров «туған жерімнің топырағына ештеңе жетпейді екен, талай қырды ассамда бір ұққаным осы» – деді. Ол алдымен жанармай бекетіне кідіріп, көлікке сұйық отын құйып алды да, базар маңына тезірек жетіп алуға асықты. Неге базар маңынан бастамақсыздар деген жігіттің сұрағана кабина ішіндегі жігіттер базар айналасында көлік қаптаса әбігерге салынған күйімізді сонда көресің, – деп күлді. Айтқандарындай ақ базар маңын қаптаған көлік көлегейлеп қалыпты. Қоқыс жәшігі сол қаптаған көліктің арасынан көрінбейді де екен.

– Енді қоқысты қалай алмақсыздар?!
– Көлік иесі жөні түзу адам болса жақсы, болмаса өзімізге айқайлап жұмысымызға кесірін тигізеді. Тазалық міндетіміз болғандықтан кейде ашуымызды ауыздықтауға тура келеді, – деп қынжылыстарын айтып қалды.
Абырой болғанда көлік иесі иманды жігіт болып шықты. Әп-сәтте көлігін арнайы орыннан алып, тазалық сақшыларынан кешірім сұрады. Осылай қызу жұмыс басталып кетті. Біршама жәшіктер қоқыстан тазарып, жаңа күнге дайын ақ болып тұр, бірақ тағы бір түйіткіл шыға келмесі бар ма?! Базар маңындағы кейбір дүкен иелері қоқыс жәшігіне лас суларын да төгетін көрінеді. Нәтижесінде мына аязда жәшіктерге мұз қатып қалатыны айтпасамда түсінікті шығар. Темір жәшіктерден қоқысты алудың жалғыз ғана жолы қалған секілді, балғамен ұрып мұздан арылту. Бұл әрине онсызда таңнан кешке дейін тынбай тер төгетін ағалардың күші мен уақытын текке кетіретін артық жұмыс. Мәселе шешілді деп қуанғанымда тағы бір келеңсіз жәйтке кез болдық. Қоқыстарын арнайы жәшікке емес, көше шетіне лақтыра салатын дүкен иелері де бар көрінеді. Арнайы жәшік қою ескертілсе де, оған пысқырып та қарамайды-ау, сірә.
Осы сәтте өркениет – заң үстемдік құрған елде орнайтынына тағы көз жеткізгендей болдық. Ал заңды жұмыс істететін – тиісті органдар. Олар ескерту жасап, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуі тиіс. Мысалға Сингапурда тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін ертеректе қатаң заңға жүгінген. Ережеге бағынбағандарға 100 мың сингапурлық доллар айыппұл салған. Соның нәтижесінде халықтың тазалық мәдениеті қалыптасып, елдің ажары кірген.
Әңгімеден ауытқып кеткен сияқтымын, жұмысқа қайта оралайын. Жұмыс барысында Мадияр аға жаңа басшылық келгелі ісіміз жанданып, тірлігіміздің берекесі кіріп қалды, – деді. Мекемеге жаңа көліктер алынып, жұмысшылардың бейнеті аз да болса жеңілдеген секілді. Тіпті алдағы уақытта тағыда қосымша арнайы көліктер әкелінеді екен. Қар жауған күні бұл кісілердің жұмысы қызған. Айтуларынша 3 күн бойы Шиелінің ішін мұздан тазарту жұмыстарымен де айналысқан.Көшелерге тұз сеуіп, көліктердің бейғам жүруі үшін бар жағдайды жасаған. Жұмыс уақыты 6 күн бойы таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады екен. Алдымен Шиелі кенті қоқыстан тазартылып, түс ауа «Көкшоқы» мөлтек ауданында тазарту жұмыстар жүреді. Жұмыс барсында тазалықшыларды жиі әңгімеге тартуға тырыстым. Сонда қойған бір сұрағым жалақыға қатысты болды.
– Айлық табыстарыңызға көңілдеріңіз тола ма?
– Жалақымыз жақсы, басшылықтың айтуынша жұмысымыздың нәтижесіне қарай алда көбейетін секілді. Бала-шағының қамы үшін жүрміз дегенімізбен, кенттің тазалығына өз үйіміздің ауласына қарағандай қарауға тырысамыз.
Жұмыс таңнан кеш батқанға дейін тынымсыз жалғасты. Тазалықшы ағаларымыз қанша ауыр жұмыс істесе де, жүздері жадырап, езулері тыйылмай көңілді жүргенін байқадым. Адал еңбектерінің жемісін, кенттің айнадай таза кейіпін көргенде бар ашуы мен шаршатқан түрлі қиындықтары ұмытылып кетеді-ау, сірә. Айтпағым ауланың тазалығына ғана алаңдамай, кенттің тазалығына да бір сәт көз салып қойсақ жарар еді.
Рамазан Бектұрғанұлы