Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРУ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРУ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

№1 әдіс
www.fms.kz веб-сайтының төменгі оң жақ бұрышында «Мәртебені анықтау» жыпылықтайтын плагинді басыңыз. ЖСН енгізіңіз және сақтандырылған немесе сақтандырылмаған мәртебеңіз туралы мәлиметтерді берілуін күтіңіз.
№2 әдіс
Telegram-ға кіріп, іздеу батырмасы арқылы SaqtandyryBot деп жазып, тауып алыңыз. SaqtandyryBot терезесі ашылған соң алдымен Старт деген дайын тұрған тетікшені басу арқылы байланысты бастайсыз. Терезенің төменгі бөлімінде бірнеше қызмет бойынша мәзір ашылады. Соның ішінен «Сақтандыру мәртебесін анықтау» деп басасыз,
ЖСН жазасыз. Міне осы жерде сіздің сақтандыру мәртебеңіз шығады.
№3 әдіс
МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесін WhatsApp-тағы чат-бот (+7 700 103 1406) арқылы анықтауға болады. Тілді таңдаңыз — бұдан әрі нұсқаулық бойынша 4 саны (мәртебесін анықтау) — ЖСН енгізіңіз - дайын.
№4 әдіс
ЭЦҚ көмегімен egov.kz электрондық үкімет веб-сайтына кіреміз. «Денсаулық сақтау» қойындысын таңдаңыз. Әрі қарай ашылған терезесінде - «Медициналық көмек». «Қызметтер» бөлімінде – «Толық көрсету». Біз «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» қызметін таңдаймыз. Содан кейін «Онлайн сұрау» батырмасын басу керек.

№5 әдіс
AppStore немесе Play Market көмегімен «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын жүктеп, орнатыңыз. Жүйеге тіркеліңіз. Мәзірден «Сақтандыру жағдайын тексеру» бөлімін таңдаңыз. ЖСН енгізіңіз және сақтандырылған немесе сақтандырылмаған мәртебеңіз туралы мәлиметтерді берілуін күтіңіз.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
13 қаңтар 2021 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (8858)

16 қаңтар 2021 ж.

№3 (8857)

12 қаңтар 2021 ж.

№2 (8856)

09 қаңтар 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам