Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС: 600 мың адамның сақтандыру мәртебесі белгісіз

МӘМС: 600 мың адамның сақтандыру мәртебесі белгісіз

BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу қорытындылары туралы баяндады.

Биыл 1 қыркүйекте басталған Қарағанды облысындағы МӘМС пилоттық жобасының негізгі мақсаттары – азаматтардың сақтандыру мәртебесін анықтау, тегін медициналық көмектерді жеке-жеке есептеу және инфрақұрылым және медициналық мекемелерді дайындау. Республикалық бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді: 1,7 млрд теңге – консультативті диагностикаға, 600 млн теңге – оңалту қызметтеріне, - деді денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.

Ол әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықты толық тарту басты мәселе болып отырғанын айтты. Бүгінде халықтың 97%-нің мәртебесі анықталған, 593 мың азаматты анықтау қажет етеді. Ал Қарағанды облысында 98%, әлі 32 мың адамның мәртебесін анықтау қажет. Министр жыл соңына дейін жергілікті әкімшіліктер осы жұмысты бітіруі қажет екенін ескертті. Болжам бойынша халықтың 88% сақтандырылады, қалған азаматтар заң бойынша медициналық сақтандыру төлемдерін өздері төлейді.

Біртанов қаржыландыруды дұрыс пайдалану қажет екенін айта кетті.

Пилот аясында Қарағанды облысында консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігі өте жоғары деңгейде. Мысалы, қымбат компьютерлік томография қызметтерінің қолжетімділігі 78%-ға, медициналық оңалту қызметтерінің қолжетімділігі 73%-ға және консультациялық-диагностикалық көмек қызметтерінің қолжетімділігі 42%-ға ұлғайды. Жалпы, тұрғындар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі көтеріліп келе жатыр, - деді ведомство басшысы.
18 қараша 2019 ж. 1 090 0