Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бес қызы өрттен қаза тапқан үй сәбилі болды

Бес қызы өрттен қаза тапқан үй сәбилі болды

Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік өрт салдарынан бес қызынан айырылған Евгений және Жанымгүл Ситердің ұлы дүниеге келді.
Бұл туралы Tengrinews.kz порталы Тәңірберген Бердоңғардың Facebook-парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

Жанымгүл жүкті болған кезде “көз тимесін” деп құпия ұстауды өтінді. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл дүниеге келді! Барша халық атынан құттықтап, ұлыңызға Жаратушының ықыласы тисін деп дұға етеміз! Бауы берік болсын!, – деп жазды ол.
Еске салайық, 2019 жылы 4 ақпанға қараған түні Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ауданындағы “Көктал-1” тұрғынүй алабында жеке үй өртенді. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес қыз бала қайтыс болды. 
12 желтоқсан 2020 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031