Бизнесті дамытатын тиімді тәсілдер
Инвестиция құймай бизнестің сапалы түрде дамуы мүмкін емес. Қарыз қаражат - өсудің, дамудың, модернизацияның кілті. Сыртқы қаржыландыруды тартудың бірнеше жолы бар. Біз сіздерге осы тәсілдер жайлы айтып бермекпіз.
Бірінші тәсіл. Банктен несие алу. Бұл ең жеңіл, түсінікті әрі тез жүзеге асатын әдістердің бірі. Банкке барып, өтініш толтырып, құжат өткізген соң, несие берілуін күтесіз. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін қаражатты қолма-қол алуға болады. Немесе ақша картаңыз бен шотыңызға түседі. Бүгінгі күні пандемия кезінде кейбір банктерде несиені қашықтан рәсімдеу де қарастырылғанын атап өткен жөн.
Негізінде, банктен несиені айналымдағы қаражатты толтыру үшін алған дұрыс. Біраз уақыт бойы бизнес жүргізіп келе жатқан болсаңыз, компанияңыздың айналымы бір бағытқа қойылса, табыс пен шығынды дұрыс есептей алсаңыз, қаражатыңыздың бір бөлігін несие төлеуге жұмсасаңыз болады.
Мысалы ВТБ (Қазақстан) Банкі шағын бизнеске арналған несиенің бірнеше түрін қарастыра отырып, қазақстандық кәсіпкерлерге бизнес-жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Соның ішінде сіз кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған 17 мемлекеттік бағдарлама бойынша ШОБ үшін ең тиімді мөлшерлемемен несие ала аласыз. Ол үшін банктің сайтында несие алуға алдын ала өтінім қалдыра аласыз.
Екінші тәсіл. Серіктес табу. Бизнес иесі кәсіп бастағысы келетіндермен серіктестік орнатуы керек. Мәселен, ол сұранысқа ие тамақтану орындары немесе дүкендер болуы мүмкін. Бұл тәсілдің басты ерекшелігі - бастапқы капитал көлемін ұлғайту. Қаржы тапшылығы кезінде екі еселік несие алуға немесе серіктесіңізді несие алушы ретінде рәсімдеуге мүмкіндік аласыз. Осылайша, бизнес иелері тәжірибесі мен біліміне сәйкес атқарылатын қызметтерді бөлісе отырып, бірқатар жетістікке жете алады.
Үшінші тәсіл. Инвестор тарту. Инвестор ретінде сізге жеке адамдардың, компаниялардың, әртүрлі топтардың қолдау көрсете алады. Тіпті жақын туыстардан бастап, үлкен меценаттарға дейін қаржылай қолдау көрсетіп, табыстың өзіне тиесілі бөлігін алып отыра алады. Егер инвестор бір бизнеске ақшасын салуға шешім қабылдаса, онда ол өзі салған кәсіптен үлес ал құқығына ие болады. Акциялар пакетіне ие бизнесмендер кәсіпке қатысты барлық іске араласу мүмкіндіген ие. Егер белгілі бір жоспарлар, инвестор қалауына қайшы келсе, ол қабылданған шешімдерге наразылық білдіруге құқылы.
Естеріңізде болсын, кәсіби инвесторларды сіздің жобаңызға ақша салуға көндіру үшін сіз өз жұмысыңыз бен өніміңізді егжей-тегжейлі сипаттап, нарықты толық талдап, табыстың қандай болатынын, салынған қаржы қандай пайда алып келтінін түсіндіре алуыңыз керек.
Төртінші тәсіл. Коммерциялық несиелендіру. Бұл жағдайда сіздің кәсібіңізді банк емес, басқа заңды тұлға қаржыландыратын болады. Іс жүзінде сатып алынған тауардың ақшасын бөліп төлеу секілді механизм арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда сатушы - несие беруші, ал сатып алушы қарыз алушының рөлінде болады. Коммерциялық несиелендірудің бірнеше түрі бар. Оның қатарына төлемді кейінге қалдыру, алдын ала төлем жасау, аванстық төлем немесе бөліп төлеу жатады. Компаниялар несиенің уақыты, мөлшерлемесі жайлы талаптарды өздері ұсынады. Несиелендірудің бұл түрі сауда-саттықта көп қолданылады.
Бесінші тәсіл. Банк кепілдемесі. Бұл - белгілі бір келісім шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құжат. Заңды тұлғаның кепілдендірілген өтініші негізінде банк тапсырыс берушіге талап етілген мөлшердегі қаражатты төлеу туралы жазбаша келісім береді. Кепілдік бұл жағдайда сенім білдірушінің келісімшартын тиісті деңгейде орындауын сақтандырушы ретінде әрекет етеді. Шарттар орындалмаған жағдайда, банк клиентке кепілдік бойынша төленген соманы өндіріп алады.
Әдетте банктік кепілдеме беру әр түрлі тендерлерге қатысушылар үшін мемлекеттік келісімшарттар жасасу кезінде қауіпсіздік қызметін атқарады. Сонымен қатар, ол B2B саласында немесе ҚҚС-ты қайтару құралы ретінде қолданылады.
Егер сіз банк кепілдемесін алғыңыз келсе, ВТБ (Қазақстан) Банкіне қоңырау шалыңыз немесе сайтта алдын ала өтініш толтырыңыз.
Басшылықтың компанияны дамытуға қауқары жетпесе, ұйым қорықпастан өз ісінің мамандарына жүгініп, әртүрлі тәсілдерді қолдану керек. Нәтижесінде компания өзінің қарыз портфелін құрып қана қоймай, оған қоса, сапалы және сенімді бизнес құруға мүмкіндік ала алады.