Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір реттік төлем қайта төленеді

Бір реттік төлем қайта төленеді

Коронавирустың пандемиясына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорынан халықтың әлеуметтік әлсіз санатына жататын жандарға 50 мың теңгеден көмек берілуде. Қайырымды жандардың есебінен жиналған бұл қаржылық көмекті жалпы саны 152 мың 463 қазақстандық алады. Аталған көмек коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары облыс орталықтары мен ірі қалалардың тұрғындарына көрсетіледі. Осыған байланысты тұрғындар саны 100 мыңнан асатын 23 қала анықталған.
Республикалық маңызға ие Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар, Түркістан, Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Семей, Тараз, Орал, Екібастұз, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Қостанай, Рудный, Қызылорда, Ақтау, Жаңаөзен, Павлодар, Петропавл қалаларының тұрғындары 50000 теңге қаржылай көмекті ала алады. Көмек алушылардың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы негізінде 7 санаты бекітілген. Атап айтар болсақ, тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, бірінші топтағы мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алып жүрген зейнеткерлер (38 686 теңге), базалық зейнетақы алатындарға (16 839 теңгеден төмен), жетім балалар (тұл жетім және асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер,Тыл еңбеккерлері. Егер көмек алушы аталған санатқа кіретін болса, онда ол адамға ешқайда барудың және құжат тапсырудың қажеті жоқ. Көмек автоматты түрде көрсетіледі. Ақша жәрдемақы немесе зейнетақы түсетін банк картасына аймақтық «Birgemiz» қоры мен «Nur Otan» партиясының атынан смс-хабарландырумен бірге аударылады. Ал банк картасы жоқ, зейнетақысын пошта бөлімшелері арқылы алып жүрген жандарға ақшаны «Қазпошта» АҚ курьері жеткізіп береді.
Ал енді аудандық әлеуметтік көмекпен қамту бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері 11542 отбасына түрлі көмек түрі көрсетілген. Сондай-ақ, Төтенше жағдай кезеңі аралығында азаматтардың жекелеген санаттарына (АӘК алушы отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балалар, жұмыссыздар, барлық топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, зейнеткерлік жастағы мүгедектер) азық-түлік және тұрмыстық химия тауарларын қамтамасыз ету бағытында 7307 азаматқа әлеуметтік төлем төленген. Бүкіл әлемді дүрліктірген жұқпалы індет кезінде Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры қазақстандық көптеген отбасыға қолдау білдіргенінен хабардармыз. Аудандағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамту бөлімінің мамандары қайта ұсынылған 50000 теңге қаржылай көмектің әзірге кімдерге берілетіні белгісіз екенін айтты. Бұл турасына арнайы тапсырма болмағандықтан нақты мәлімет келтіре алмайтындарын жеткізді. Дегенмен, маусым айында «Birgemiz» қоғамдық қорының демеушілік қаражаты есебінен шиелілік 1600 отбасына 50 мың теңгеден барлығы 80 мың теңге қаржылай көмек көрсетілген болатын. Аталған көмек қайтадан қолдау тауып, тағы да тұрмысы төмен отбасыларға көмек берілуде. Алайда, бір мәрте көмек алған жандарға қайталап қаржы берілмейтінін айта кетейік.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ
20 қазан 2020 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930