Онлайн оқу қаншалықты оңтайлы?
Барша халықты әуре-сарсаңға салған «Covid-19» экономикаға, күнделікті өмірге және білім саласына біршама өзгеріс әкелді. Мәселен технологиялар мектепте қосымша білім беру немесе ойын-сауық ретінде ғана емес, оқушыларды толықтай оқыту үшін де таптырмас құрал ретінде қолданылуды. Жалпы пандемиядан кейін мектептегі білім беру әдісіне өзгерістер енетіндей.
Мәселен, індет Италия елін қатты есеңгіреткені рас. Соған қарамастан Италия үкіметі мұғалімдерге бейнеконференция байланыстары мен сабақ жоспарларына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін арнайы веб-сайт құрды. Соның арқасында елдегі білім беру саласы өз жұмысын бәз баяғы қалпынша жалғастырды. Мамандардың айтуынша, өмірде болатын түрлі жағдайларды ескерсек, қашықтан оқыту эпидемиялық жағдайда ғана емес, басқа уақытта да өте ыңғайлы.
Мәселен, індет Италия елін қатты есеңгіреткені рас. Соған қарамастан Италия үкіметі мұғалімдерге бейнеконференция байланыстары мен сабақ жоспарларына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін арнайы веб-сайт құрды. Соның арқасында елдегі білім беру саласы өз жұмысын бәз баяғы қалпынша жалғастырды. Мамандардың айтуынша, өмірде болатын түрлі жағдайларды ескерсек, қашықтан оқыту эпидемиялық жағдайда ғана емес, басқа уақытта да өте ыңғайлы.
Біле білсеңіз, 2015 жылы Оңтүстік Корея үкіметі қағаз түріндегі оқулықтардан толығымен бас тартты. Білім департаменті мектептерді өзгертетін жаңа цифрлы революцияға дайындалып жатқанын мәлім етті. Осы секілді цифрлы революция әлемде бірінші зияткерлік ұлтты құруды мақсат тұтқан Сингапурға да қатысты.
Қазақстан әзірге қағаз түріндегі оқулықтардан бас тартуға дайын емес. Дейтұрғанмен, интернет желісін жақсартудың орайы келген сияқты. Ауыл мен қалаларда оқушылардың білім алуына еш кедергі болмауы тиіс. Жалпы қашықтан оқыту дәстүрлі мектепті толықтай алмастыра алмайтын секілді. Неге десеңіз, мектеп уақыты – бұл өсу мен тұлға болып қалыптасу кезеңі. Балалар қарым-қатынастың, өзара көмек көрсетудің, достықтың, қиыншылықтарға төтеп берудің не екенін сезініп білуі қажет.
Статистикаға сенсек, Қазақстан халқының 70 проценттен астамына интернет қолжетімді. Сарапшылардың пікірінше, елдегі интернет желісінің жылдамдығы тұтастай алғанда халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ал оның бағасы әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады. Осындай позитивті статистика болғанымен ауыл балалары осы оқу жылының соңында біраз қиындықтарға тап болды. Бәлкім, жаңа оқу жылында жаңалықтар болып қалар.
Жоғары оқу орындарына көшсек, болашақта эпидемиялық жағдайдың шиеленісуіне және жақсаруына байланысты немесе онлайн дағдарыс жағдайында гибридті оқу жүйесі жоғары оқу орнында өте ыңғайлы болып табылса, яғни офлайн мен онлайн режимін алмастырып пайдалану қарастырылады. Біріншіден, кейбір студенттер мақсатқа жету үшін тек оқулықтар мен интернет желісін жеткілікті деп санаса, енді бірі ұстаздар тарапынан қатаң бақылауды қажет етеді. Екіншіден, студенттің оқып жатқан факультетіне байланысты оқу бағдарламасы да әртүрлі. Егер ол химия, биология сияқты мамандықта оқыса, онда оған міндетті түрде көзбен көріп тәжірибе жасау керек. Ал егер гуманитарлық мамандық болса, онда онлайн режимде оқуды жалғастыруға болады. Әзірге қай бағытта дамитынымыз белгісіз.
Шындығын айту керек, Қазақстан Еуропа елдерімен салыстырғанда жоғары оқу орындарындағы білімді онлайнға ауыстыруға дайын болмады. Себеп тағы да сол интернет желісі, онлайн оқу құралдарының жетіспеушілігі, ұстаздар дайындығының жоқтығы.
Биыл елімізде ҰБТ маусымның 20-сы мен 5 шілде аралығында өтіп жатыр. Оған ағымдағы жылдың шамамен 120 мың түлегі және орта арнаулы білімі бар 15-20 мың түлек қатысуда. Құжаттарды қабылдау жұмыстары толықтай электронды форматта жүргізілді. Пандемияға байланысты түлектерге қатаң санитарлық нормаларды сақтау міндеттеліп отыр.
Шетелдік оқу орындарына түскісі келетін түлектер үшін емтихан тапсыру мен құжаттарды жіберуде ешқандай қиындық туындамайды. Ең бастысы, шекаралар ашылып, әуе қатынасы бұрынғыдай қалыпқа келсе болғаны. Кейбір зерттеулер бойынша қыркүйек айында студенттер сабақтарын онлайн түрде оқуы әбден мүмкін. Дегенмен жыл соңына қарай оқу жүйесі әдеттегі форматқа көшеді деп күтілуде.
С.МАДИЯРОВА