Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жаман боладының" мәні

"Жаман боладының" мәні


Қазақы наным-түсінік оның тұрмыс-тіршілігі, өмір-салтымен етене байланысып жатыр. Бүгін назарларыңызға ата-анамыз бен ауылдың үлкен ақсақалдары үнемі айтып жүретін "Жаман болады" жайлы қазақтың тыйымдарын ұсынамыз. "Жаман боладының" астарында не жатқанын білгіңіз келсе, назар аударыңыз.


* Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.

* Жер таянып отырмайды. Жақынынан айрылған адам ғана жер таянады.

* Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.

* Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл- қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.

* Белді босқа буынбайды. Өмірінде  перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.

* Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.

* Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден жалыққан адам ғана жағын таянып демеу етеді.

* Тізені құшақтамайды. Бұл- «ұрпақсыз қалдым», «қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.

* Жуған қолды сілкісе, ырыс-несібе кетеді.

* Адамға қаратып қолды шошайту әдепсіздік болады.

Massaget.kz сайты
24 сәуір 2020 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930