Қолды қалай дұрыс жууға болады?

Қолды қашан жуу қажет?
Қолды міндетті түрде жуу керек болатын жағдайлар бар:
Дәретханадан шыққан соң. Бұл жағдайда шыққан кезде есік тұтқасына жақындамауға тырысыңыз.
Тамақ жеуден бұрын.
Шикі етке, тауық етіне, жұмыртқа мен басқа да азық-түліктерге жақындағанда.
Қоқыс шығарып келген соң.
Кесілген немесе күйген жердің таңғышын ауыстырғанға дейін және кейін.
Жинастырудан кейін.
Даладан үйге оралғаннан кейін.
Қолды қалай жуу қажет?
Көбісі қолды тек немқұрайлы жуады. Адамдар бұлай жасаудың қажеттілігін бала кезден біледі, бірақ, бұған байыппен қарамайды. Бізге бактериялардың жай көзге көрінбеуі, оларды жоқ екенін білдірмейді. Ғалымдардың есептеуінше, қолда орташа шамамен 10 миллиондай бактериялар бар екен! Қоғамдық орындықтар мен эскалаторлардан көбірек! Не істеу керек? Қолды тұрақты және дұрыс жуу қажет.