Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолды қалай дұрыс жуу керек?

Қолды қалай дұрыс жуу керек?

Қолды жиі жуу – жұқпалы аурулармен күресу кезінде маңызды рөл атқаратын тиімді әрі қарапайым профилактикалық әдіс. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы мен өзге де медициналық ұйымдар өршіп тұрған COVID-19 коронавирусынан сақтану үшін қолды жиі тазалаудың маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Мичиган штаты Университетінің зерттеушілері көптеген адам қол гигиенасын қалай дұрыс сақтауды білмейтінін айтады. Мысалы, кейбіреуі асықпай жуудың орнына, бір шайып алғанды жөн санайды. Енді бірі мүлде сабын қолданбаған. Қолды дұрыс жуу үшін не істеу керек? Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы қол тазалығын сақтауда қолданылуы тиіс негізгі 11 қадамды атап өткен болатын. Бактерия мен вирустан құтылуы үшін қолыңызды жууға 20 секундтан кем емес уақыт жұмсаңыз. Суық әлде ыстық су? Бактерия мен вирус жоғары температурада өледі. Бірақ, ыстық суды жиі қолдану қол терісінің қабынуына алып келеді. Сол себепті мамандар адам өзіне ыңғайлы су температурасында қолын тазалаған жөн дейді.
Қолды қашан жуған дұрыс?
Дейін:
∎ Тамақ дайын Дейіндау және тамақтану.
∎ Жанама линзаларды кию және шешу.
∎ Бет әрлеу алдында.
∎ Денедегі жараларды залалсыздандыру.
Кейін:
∎ Түшкіру және жөтел.
∎ Әжетханадан соң.
∎ Жануарларды ұстағаннан соң.
∎ Тағам дайындағаннан кейін.
∎ Қоғамдық көліктен соң.
∎ Үй мен жұмыстағы тазарту жұмыстарынан кейін.
∎ Спортпен шұғылданған жағдайда.
∎ Ақшаны қолға ұстағаннан кейін. Қазақстанның бас инфекционист-дәрігері Динагүл Баешова коронавирус жұқтырудан сақтанып жүру үшін қолды қалайша дұрыс жуу керектігін көрсетеді. Қолыңызды таза ұстау – денсаулығыңыздың кепілі. Барлық айтылған ережелер сақталғанда ғана, кез келген аурудың алдын алуға болады.

21 наурыз 2020 ж. 1 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930