Өтінішіңіз қабылданбаса, арызды қалай беруге болады?
Қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков 42 500 теңгеге берген өтініштері қабылданбаған азаматтарға қалай шағымдану керектігін рет-ретімен түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz
"Шағымды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдау керек. Өйткені 42500 өтініш берудегі қызық ережелерді министрліктегілер құрастырып шығарды. Бұған қоса төлем тағайындаумен айналысып жатқан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры тікелей осы еңбек министрлігіне қарайды", - дейді заңгер.
Сөзінше, арыз беру үшін ЭЦҚ қажет екен.
"Өзіңіздің арызыңызда сіз өтінішіңіз қабылданбай қалуымен неліктен келіспейтіңізді тарқатып жазыңыз. Егер өтініш беріп, ТЖ кезінде, яғни 2020 жылдың 15 наурыздан кейін бірыңғай жиынтық төлем жасасаңыз, түбіртегін міндетті түрде қосып жіберіңіз.
Егер сіздің екі қызмет атқаруыңызға байланысты өтініміңіз қабылданбаса, былай істеңіз: "Мені екі қызмет те ақысыз демалысқа шығарып жіберді" деп жазып, тиісті бұйрықты қосуды ұмытпаңыз.
Егер сіз жеке кәсіпкер болғаныңыз үшін жәрдемақы тағайындалмаса, міндетті түрде ТЖ кезінде кәсібіңізді тоқтатылғаны туралы құжатты көрсетіңіз", - деп кеңес береді адвокат.
Бұған қоса Джохар Өтебеков арыздың дайын үлгісін құрастырып қойыпты. Оны мына жерден жүктеуге болады.
Арыз беру үшін "Электронды үкімет" порталын ашып, "Электронды жолдаулар" бөліміне кіріңіз. Өзіңіздің ЭЦҚ арқылы логин мен кілтсөзіңізді еңгізіңіз.
"Құру" батырмасын басып, өзіңіздің мекен-жайыңыз бен телефон нөміріңізді жазыңыз.
Мемлекеттік органдар арасынан ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігін таңдаңыз.
"Мазмұны деген жерде "42 500 теңге тағайындалмауына байланысты шағым" деп жазсаңыз болады. Ол жерге арыз мәтінін жазып жүрмеңіз", - дейді маман.
Шағымды "Файлды таңдау" дегенді басып, жүктесеңіз болады. Егер тиісті түбіртектер мен басқа да дәлелдер болса, оны да қосыңыз.
"Жіберу" дегенді басып, арызыңыдың қабылдануын күтіңіз.
Еске салайық, бұған дейін еңбек министрінің орынбасары 42500 теңге қандай жағдайда тағайындалмайтынын түсіндірген еді.
"Менің өтінішім мақұлданды, бірақ ақша түскен жоқ" - Вице-министр 42500 теңге төлемді кешіктірудің себебін түсіндірді