Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мектептерінде 16 наурыз - 5 сәуір аралығында каникул болады

Қазақстан мектептерінде 16 наурыз - 5 сәуір аралығында каникул болады


Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ДҰҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралара өткізілмейді. Сауда, вокзалдар, санитарлық күшейеді. Орта білім беру 16 наурыз - 5 сәуір каникул болады", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.
12 наурыз 2020 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

№48 (9415).

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031