Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңқош Тұраров шаршы алаңға көктемде шығуы мүмкін

Жаңқош Тұраров шаршы алаңға көктемде шығуы мүмкін

Жаңқош Тұраров. © Vesti.kzҚазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) шаршы алаңға наурыз айының соңында немесе сәуірдің басында оралады. 29 жастағы спортшы былтыр шілдеден бері жұдырықтаспады, ал күзге белгіленген жекпе-жегі жарақатына байланысты өтпей қалған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы келесі кездесуіне барынша дайындалып жатыр. Дегенмен әзірге жекпе-жектің өтер орны мен нақты күні белгісіз. Бұл кездесуде Тұраровқа тиесілі WBO Inter-Continental белбеуі сарапқа салынуы мүмкін.

Еске салайық, 2019 жылы Тұраров салмақ дәрежесін өзгерткен. Бұрын ол жартылай орта салмақта (147 фунт) өнер көрсетсе, қазір бірінші жартылай орта дивизионға (140) түсіп, аргентиналық Мауро Максимилиано Годоймен жекпе-жекте жоғарыда аталған титулды жеңіп алған еді.

02 ақпан 2020 ж. 649 0

Қоғам

ҚАРЫЗҒА БАЙЛАНҒАН ҚОҒАМ

08 желтоқсан 2025 ж.

ЖӨЛЕКТІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

08 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031