Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кір жуғыш машинаның қай режимі қауіпті екенін айтты

Кір жуғыш машинаның қай режимі қауіпті екенін айтты

Ғалымдар кір жуғыш машинаның қай режимі қауіпті екенін айтты
Kір жуатын машиналардың үнемдеу режимін қолдану адам денсаулығына зиян. Ғалымдар зерттей келе мұндай режим антибиотиктерге қарсы тұратын зиянды бактерияларды жоймайтынын айтты.
Ғалымдардың мұндай шешімі MedicalXpress порталында жарияланған.

Бон ауруханаларының бірінің қызметкері ғалымдардан медициналық мекемедегі созылмалы эпидемияның басылмауының себебін сұраған.

Ғалымдар кір жуатын машинаның кір жуғыш ұнтақ салатын ыдысы мен барабанның ішіндегі резиналарда пневмония (өкпе қабынуы) ауруын қоздыратын көптеген бактериялар болатынын анықтады.

Ғалымдар бұл бактериялар үнемдеу режимінде жойылмайтынын айтты. Осының кесірінен адамның ішектері зақымдалады, яғни ішектің қабынуы мен асқазанның түрлі ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.

Зерттеушілер егер үйде созылмалы жұқпалы аурумен немесе бітпейтін жарасы бар адамдар тұрса кірді үнемдеу режимінде жумау керектігін айтады.

29 желтоқсан 2019 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031