Балаңыз қыста жиі ауырса...
Ылғал аяқ, жөтел, бала бақша мен мектептегі бітпейтін жұқпа. Ата-аналар басқа мезгілдерге қарағанда қыста бала денсаулығына көбірек алаңдайды. Бала қыста неше рет ауырады? Кей балалар қыста 7-10 рет ауырады. Егер ауру еш асқынусыз өтсе, онда ол қалыпты болып саналады. Мұндай жолмен бала ересек өмірге иммунитет қалыптастырады. Егер балаңыз сирек ауырса, тіпті керемет, бұл оның иммунитетінің жақсы екенін білдіреді. Бала иммунитетін қалай жақсартуға болады? Иммунитетті сақтаудың нақты формуласы жоқ, бірақ оны бала дүниеге келгеннен бастап "қатайту" керек. Баланың тамақтануын, салауатты өмір салтын сақтауын, жиі серуендеуін және спортпен айналысуын қадағалау керек. Бала рационында қажетті мөлшерде ақуыздар, майлар және көмірсулар болу керек. Баланың таза суды қажетті мөлшерде ішуі де маңызды. Балаға қанша қосымша дәрумендік құралдар берсеңіз де, жоғарыдағы ережелерді сақтамай, еш нәтиже болмайды. Баланы жиі далаға шығару керек. Таза ауада балаға вирус жұға алмайды. Алайда қыста баланың ауызбен емес, мұрынмен тыныс алуын қадағалаңыз. Сондай-ақ оның киімі, әсіресе қолы мен аяғы құрғақ болуы керек. Балаға дәрігерді қай уақытта шақыру керек? Баланың жалпы жағдайының нашарлауы ересектерге қарағанда жылдам жүреді. Мысалы, оның ауруы бірнеше сағатта пневмонияға айналуы мүмкін. Дәрігер баланы таңертең қарағанда бәрі жақсы болғанымен, кешке температурасы 39 градус болып, пневмония басталады. Таңертең дәрігер баланың тамағын қарағанда жай қызарып тұрады, сондықтан ол ЖРВИ (ОРВИ) деп кетеді. Ал бір-екі сағаттан соң тамағына ірің пайда болып, ол ангинаға айналуы мүмкін. Сондықтан баланы әлсін-әлсін бақылап тұру керек. Егер баланың температурасы көтеріліп, оған қызу түсіретін дәрі бергеннен кейін оның жағдайы жақсармаса, дәрігер шақыртыңыз. Егер жоғары температурамен қатар теріге бөртпе шықса немесе іш өтіп, құсса бірден жедел жәрдемге хабарласыңыз.